× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Оғыз мемлекеті, оғыздар

Оғыздар туралы деректер 9-10 ғасырларда өмір сүрген араб географтарының еңбектерінен белгілі. Әл-Якуби мен Әл-Факихтың еңбектерінен білеміз. Және орыс жылнамаларынан да әйгілі. Махмұд Қашқари де өз еңбектерінде оғыздар жайлы жазған.

Оғыздар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан.

Жетісудағы оғыздар

Тарихи деректерде оғыздар мемлекет ретінде Жетісу аймағында қалыптасқан еді. Осы жерде олардың Ескі Гузия деген ордасы бар еді. Кейін өзге тайпалардың қысымымен батысқа көшті.

8 ғасырдың екінші жартысында қарлұқтармен күресіп, бірақ жеңіліп батысқа, Сырдария өзеңі бойына көшті. Сырдария өзенінің төменгі ағысы мен Арал теңізі маңайында көшіп жүрді.

Печенегтермен күресі

Оғыздар қуатты Хазар қағанатымен одақтасып печенегтерге қарсы соғысты. Бұл шамамен 9 ғасырдың соңында еді. Ақыры печенегтерді ығыстырып Еділ мен Жайық аралығын өздеріне қаратты. Печенегтер болса, біразы батысқа көшті, біразы оғыздарға қосылды.

Оғыздардың астанасы

Оғыздардың астанасы Сырдария өзеңі бойында орналасқан көне Янгикент қаласы еді. Бұл жер сауда саттыққа қолайлы еді, себебі Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан.

Және дала көшпенділердің саны көп орналасқан аймаққа, Сарыарқа жеріне жақын жерде орналасқан. 10-11 ғасырларда Жент, Сауран, Сығнақ және өзге Сырдария ағысындағы қалалар оғыздарға тиесілі еді. Бұл қалаларда ислам орныққандықтан, бұл дін оғыздар арасында тарай бастаған.

Хазар қағанатын талқандау

Оғыздардың көсемдері Қара теңіздің солтүстік жағалауындағы құнарлы жерлерді иемденгісі келді. Бұл жерлер мал жайылымы үшін, егін егу үшін де қолайлы еді. Және бұнда көп бай қалалар бар еді.

Бір гәп, бұл жерлер кезінде бүткіл Шығыс Еуропаны уысында ұстатқан, Еуропаның талай халықтарынан алым-салық алып отырған (бұлардың орыстар да бар еді) Хазар қағанатына тиесілі еді. Ал 10 ғасырда Хазар мемлекеті ыдырау үстінде болса да, қуатты әскері бар мемлекет еді. Сондықтан оғыздар одақтас іздеген.

Оғыздар Киев Русьмен бірігіп хазарларды 965 жылы жеңеді.

Еділ Бұлғариясың талқандау

Оғыздар Киев Русьпен 985 жылы қайта күш қосып Еділ Бұлғариясың талқандады. Еділ бұлғарлары сол заманды Еділ өзенінің жоғарғы ағысында, қазіргі Тататстан мемлекеті орналасқан жерінде өмір сүрген, түркі тілді халық.

Оғыз даласы

Сөйтіп Арал теңізінен сонау Қара теңізге дейін жерлерді оғыздар 10 ғасырда иемденді. Дәл сол заманда бұл жерлерді Оғыз даласы деп аталды.

Кейін бұл жерлерді қыпшақтар жаулап алады да жердің атауы өзгереді.

Оғыздардың басқару жүйесі

Оғыздардың билеушісі жабғу атағын алған. Басты қолбасшы - сюбашы делінген. Оғыздарда 24 тайпа барын Махмұд Қашқари жазған. Жабғу билігі ақсүйектердің кеңесімен шектелген. Бұл көптеген көшпелі мемлекеттерге тән құбылыс.

Мұрагерді тәрбиелеу үшін атабек деген лауазым болған.

Оғызнама

Оғызнама бұл оғыздар жайлы дастан. Оғыздардың қайдан шыққаны, тұрмысы, әдет ғұрыптары және басқа жайттар баяндалады.

Оғыз мемлекетінің ыдырауы

Оғыздар арасында 10-11 ғасырларда салық мөлшері көбейген. Өзге елдерді бағындыру үшін көп қаржы қажет еді. Халық арасында наразылық туындады. Елде алауыздық көбейді. Оған қоса Сарыарқа даласынан қыпшақтар оғыздарға қысым көрсете бастады. Қыпшақтар Сыр бойын жаулап алды.

Оғыздар амалсыз - Қара теңіз жағалауына, Кавказға, Кіші Азияға, онтүстікке көше бастады. Оғыздардың бір бөлігі қалып қыпшақтарға сінісіп кетті.

Оғыздардың қынық тайпасының көсемі Салжұқ өз тайпасын мемлекеттен бөлді. Бұның ұрпақтары салжұқтар деген атпен әйгілі әулеттің негізін қалады.

Оғыздардың соңғы жабғуы Шахмәлік 1041 жылы Хорезмді басып алды. Мемлекет қайта күшейе бастады, бірақ салжұқтар оғыздардың соңғы жабғуын екі жылдан кейін қолға ұстап өлтірді. Сөйтіп бүткіл оғыз еліне тиесілі Оғыз мемлекеті жоқ болды. Жеке дара билеушілер пайда болды.

Қазіргі түрікмен, әзербайжан, күрд және түрік ұлттары осы оғыздардың ұрпағы.

Пән: Тарих