× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Қарлұқ қағанаты, Қарлұқ қағанаты территориясы

Қарлықтар Алтай тауы мен Балқаш көлінің арасында көшіп жүрген көне көшпелі тайпалар еді. Бұларды 10 ғасырда өмір сүрген Ибн әл-Факих түркілерге жатқызған. 7 ғасырдың соңында Шығыс Түрік қағанаты қайта құрылып көрші тайпалар мен елдерге өз үстемдігін жүргізе бастады. Сонын ішінде қарлұқтарға да үстем болды.

Шығыс Түрік қағанатының құлауы

Шығыс Түрік қағанаты 8 ғасырдың 30 және 40 жылдары әлсірей бастады. Елде алауыздық пайда болды. Қарлұқтар ұйғырлармен бірігіп оларды талқандады. Ұйғыр билеушісі қаған ал қарлұқ билеушісі жабғу атағын алды.

Ұйғырлар жеңіске жеткеннен кейін қарлұқтарға қысым көрсете бастады, бұған шыдамай қарлұқтар Жетісуға шегінді. Бұл 746 жылы еді.

Қарлұқтардың Жетісуға келуі

Осы жылы атақты Атлах шайқасы болды, бұл шайқасқа қарлұқтар араб жағында қатысқан. Қытайларды түгелдей жеңді. Ал Жетісуда билік құрған түргештер әлсіреп, қарлұқтарға қарсылық көрсете алмаған.

Тек оғыздар қарсылық көрсете бастады. Бірақ ақырында, оғыздар да жеңіліп Сыр бойына көшті. Жетісуда 756 жылы Қарлұқ мемлекеті пайда болды.

Қарлұқтар түргештерге, оғыздарға туыстас еді. Бәрі түп тамыры бір сонау ғұн-сақ заманнан келіп жатқан түркі тілді тайпалар еді. Соңдықтан түргештерді жеңгенмен, олармен кейін араласып, туыстасып біртұтасы мемлекетті құрды.

Қарлұқтарды астанасы

Қарлұқтардың астанасы Суяб қаласы еді. Бұл Ыстықкөл маңында орналасқан көне қала. Осы қала Батыс Түрік қағанатының, одан кейін Түркеш қағанатының астанасы болған еді.

Мемлекеттің негізгі жері бұл Сырдария өзенінің жағалауы мен Жетісу еді. Бұл жерлер арқылы Ұлы Жібек Жолы өткен. Соңдықтан халықаралық сауда жақсы дамып, қарлұқ басшыларын байытқан.

Қарлұқ қағанатының пайда болуы

840 жылы Енисей қырғыздар қарлұқтармен күш қосып Ұйғыр қағанатың құлатады. Қарлұқ билеушісінің атағы бұған дейін жабғу еді, осы жеңістен кейін қаған деп ауыстырылды. Қаған бұл көшпенділер арасындағы ең жоғарғы дәрежедегі билеушінің атағы. Хан да, сұлтан да, жабғу да бұдан кем.

Сөйтіп жүз жылға созылған қарлұқ-ұйғыр соғысы аяқталып, ұйғырлар жеңілді.

Қарлұқ қағанаты территориясы және мемлекттік құрылымы

Қарлұқ қағанаты территориясы Сыр бойынан Жетісуға дейінгі аралық еді. Мемлекеттік құрылымында басшының билігі шексіз болмады. Біраз әлсіздеу еді. Соңдықтан бұл мемлекетте сыртқы елдерге жорықтар ұйымдастырылмады. Мемлекет халқы бейбіт өмір сүрді.

Қарлұқтар мемлекетінде 25 қала болды деп тарихи деректерде жазылған. Бұлардың көбі Ұлы Жібек Жолының бойында еді.

Саманилермен соғыс

9 ғасырда бұрынғы Араб халифатының аумағынан Самани мемлекеті бөлініп шықты. Бұл мемлекеттің басқарушылары самани әулеті еді, мемлекеттің атауы осыдан.

Саманилер 840 жылы Сыр бойындаға қалаларды жаулап алды, соның ішінде Испиджабты, қарлұқтар бұл соққыдан әлсіреді.

Мемлекеттің құлауы

Қарлұқ қағанатына тиесілі Баласағұн 940 жылы Қарқар түркілерімен жаулап алынды. Сөйтіп бұл қағанат өмір сүруін тоқтатты. Тарих сахнасына Қарах мемлекеті шықты.

Пән: Тарих