× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Архимед күші, Архимед заңы

Не себептен ағаш суға батпайды? Ағашты су бетінде қандай күш ұстап тұрады? Кеме неге суға батпайды?

Мына ағаштан жасалған сал суда батпайды:

Сал

Ағашты, салды, кемені суда ұстап тұрған күш бар, бұл күш архимед күші деп аталады. Архимед күшінің бағыты ауырлық күшінің бағытына қарама-карсы бағытталған:

Архимед күші

Архимед заңы

Архимед күші мына формула арқылы есептелінеді:

F = ρ g V,

мұндағы ρ сұйықтын тығыздығы, g еркін түсу үдеуі (жуықтап алғанда 9,8 м/c2 тең), V дененің сұықтыққа батқан бөлігінің көлемі:

Архимед күші

Архимед күшінің мағынасын түсіну оп-оңай, сұйықтыққа салынған дене өз массасымен сұйықтыққа басады. Бұл күштің әсерінен дене сұйықтыққа аз болса да батады (V көлемге батады), ығысқан сұйықтықтың мөлшері жерге тартылады, және сұйықтықтағы денені өз салмағымен жоғары қарай көтеруге тырысады.

Ығысқан сұйықтықтың массасы m болса, онда ығысқан сұйықтық жерге mg күшімен тартылады, m дегеніміз ρ V, бұдан ρ g V.

Архимед күшіне есептер шығару

Балықшы отырған қайықтың төменгі бөлігі 120 литрге суға батса, осы қайық пен адамның салмағы неге тең?

Архимед заңы бойынша:

F = ρ g V

Бұндай күшпен қайықты көлдің суы жоғары қарай итермелейді. Осы күш ауырлық күшпен теңеседі, себебі қайық батқан жоқ.

F = mg

mg = ρ g V

m = ρV

Судын тығыздығы 1000 кг/м3 ал 120 литр бұл 0,12 м3.

m = 1000*0,12

m = 120 кг.

Кеменің 200 м3 көлемі теңіз суына батса, осы кеменің салмағы қандай?

Пән: Физика