× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Дыбыс үндестігі

Дыбыс үндестігі немесе ықпал. Қатар келген екі дауыссыздың бір-біріне әсер етіп, үйлесе айтылуы дыбыс үндестігі немесе ықпал деп аталады. Ықпалдың екі түрі бар: Ілгерінді ықпал, Кейінді ықпал.

1. Ілгерінді ықпал - алдыңғы тұрған дыбыстың кейінгі дыбысқа әсер етіп, өзіне ұқсатып алуы. Мәселен: көкейгесті - көкейкесті, Жүсіппек - Жүсіп-бек, қашша - қашса т.б.

2. Кейінді ықпал -  сөз бен сөздің немесе сөз бен қосымшаның арасындағы кейінгі дыбыстың өзінің алдында тұрған дыбысқа әсер етіп, ұқсатып алуы. Мәселен: допы - добы, Божжан - Бозжан, шөб әкелді - шөп әкелді т.б.

Пән: Қазақ тілі