× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Үндестік заңы

Үндестік заңы. Үндестік заңы  дегеніміз - сөз ішіндегі дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, біркелк болып қолданылуы. Үндестік заңының екі түрі бар: буын үндестігі және дыбыс үндестігі.

Буын үндестігі - сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан, не жіңішке болып үндесуі. Буын үндестігін ғылымда сингармонизм заңы деп те атайды. Қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке буындардан құралған. Сонымен бірге қазақ тілінде сөз ішінде жуан, жіңішке дыбыстар араласып келеді.  Мұндай ерекшелік төмендегідей жағдайларда:

1. Басқа тілдерден енген сөздерде (қадір, құдірет, кино т.б.

2. Біріккен сөздер мен мен қос сөздерде кездеседі: қыз-келіншек, көзқарас, т. б.

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар. Бүгінгі қазақ тіліндегі мынандай қосымшалардың бір тобы соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарамастан, не жуан, не жіңішке қалпында қосылады.

1. Көмектес септік жалғауы: Қалам-мен, доп-пен т.б.

2. -нікі, -дікі, -тікі, -жан, -тал, -дар, -еке, -тар, -тай қосымшалары: бала-нікі, әке-жан, өсім-тал, аға-еке т.б.

3. -хана, -стан, -кент, -күнем: дәрі-хана, Пәкі-стан, Таш-кент, мас-күнем т.б.

4. -кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -ғой, -гөй, -кеш, -уар: жауын-гер, өсім-қор, әсем-паз, әзіл-ой, ақыл-гөй, арба-кеш, сөз-уар т.б.

5. -ов, -ев, -ин: Хасенов-тің, Мейірбаев-тің, Майлин-нің т.б.

6 Басқа тілден енген сөз алдынан қосылатын бей-, би- қосымшалары да үндестік заңына бағынбайды: бей-бақ, би-шара т.б. 

Пән: Қазақ тілі