× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Тасымал

Тасымал.  Сөздің жолға сыймаған бір немесе бірнеше буынының  келесі жолға бөлініп жазылуы тасымал деп аталады. Тасымал буыеға негізделеді. Мәселен: Ар-қалық. Арқа-лық.

Тасымалдауға болмайтын жағдайлар: 1. Бір дауысты дыбыстан тұрған ашық буынды тасымалдауға немесе жолда қалдырып кетуге болмайды: а-на, и-не, Жақи-я.

  2. Қысқарған сөздерді  тасымалдауға болмайды: КСРО, ҚазМУ, БҰҰ, ЭКСПО.       

3. Бір буыннан тұратын сөздерді тасымалдауға болмайды: жент, сия, бұлт, аю.     

4. Адам атының  қысқартылып алынған әріптерін фамилиясынан бөліп тасымалдауға болмайды: Қ. И. Сәтбаев, Б. Момышұлы, Д. А. Қонаев.               

 5. Қысқарған өлшем атаулары тіркескен сөзінен бөлінбейді: 15 км, 300 м, 32 га.

Пән: Қазақ тілі