× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Дауыссыз дыбыстар

Дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады. Қазақ тілінде жиырма алты дауыссыз дыбыс әрпі бар. Олар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у). У дыбысы бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыстың орнына жүреді. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып үшке бөлінеді. 

Ұяң үн мен салдырдан тұрады, салдыр басым. Олар: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ. Қатаң тек салдырдан тұрады. Олар: к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, ш, щ. Үнділердің салдырдан үні басым. Олар: й, л, м, н, ң, р, у (бау, ауа). 

Кейбір қатаң дауыссыздардың ұяң сыңарлары бар. Олар:    п - б, ф - в, к - г, қ - ғ, т - д, с - з, ш - ж. Жұп болған бұл дыбыстардың жасалу орны бір-біріне өте жақын. Мәселен, п, б дыбыстары екі еріннің қақтығысуы арқылы жасалады.

Пән: Қазақ тілі