× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Дауысты дыбыстар

Дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстарды  айтқан кезде ауа кедергісіз шығады, дыбыстау мүшелері түгелге дерлік қатысады. Дауыстылар буын құрайды. Дауыстыларға екпін түседі және оларды созып айтуға болады. Бүгінгі қазақ тілінде он екі дауысты дыбыс әрпі бар Олар: а, ә, е, и, о, ө,  (у), ұ, ү, ы, і, э.

Олар тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке болып бөлінеді. Жуандары: а, о, (у),  ұ, ы. Жіңішкелері:ә, е, и, ө, ү, і.  Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай ашық және қысаң болып бөлінеді. Ашықтары: а, ә, е, о, ө, э. Қысаңдары: и, у, ұ, ү, ы, і. Дауысты дыбыстар ерін мен езудің қатысына қарай еріндік және езулік болып бөлінеді. Еріндіктері: о, ө, у, ұ, ү. Езуліктері: а, ә, е, и, ы, і, э.                                                                                                        

Пән: Қазақ тілі