× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Қазақ тілі

Кіріспе.Қазақ тілі - Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. 1989 жылдан бастап осындай міртебеге ие болды. Қазақ тілін мемлекетіміздің түпкілікті тұрғындарынан басқа Қытай , Моңғолия, Ауғаныстан, Иран, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі. Түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Оның  толық қалыптасуына ҮІ - ХІІ ғасырлардағы Түркі қағанаты мен ХҮ - ХІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығы ерекше ықпал етті. Басқа түркі тілдеріне қарағанда таза қалпымен, сөздік қорының молдығымен  ерекшеленеді. Ана тіліміз бүгінгі қоғамдық өміріміздің барлық салаларында - әдебиет, өнер, құқық, саясат, ғылым мен техника, педагогика, ақпарат және т.б. салаларда кеңінен қолданылады. Мейлінше жетілген ұлттық тіл.

Жетпіс жылдық Кеңес өкіметі тұсында тіліміз қатты қыспаққа түсті. Қолданылу аясы тарылды. Қазақ жазуы графикасын үш рет өзгертті: 1929 жылға дейін араб әрпін, 1940 жылға дейін латын әрпін қолданса, сол 1940 жылдан бүгінге дейін орыс алфавитін қолданып келеміз. Сол құлдық санадан құтылу үшін, басқа түркі тілдерімен жақындасуымыз үшін Елбасымыз өз Жарлығымен 2018 жылдың 19 ақпанында латын графикасына негізделген  жаңа әліпбиді бекітті. Дегенімен, қазақ тілі бүгінде өзінің  фонетикалық, лексикалық-граматикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері  жетік қалыптасқан  құнарлы тілдердің бірі. 

Пән: Қазақ тілі