× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Бауыржан Момышұлы

Өмірі. Бауыржан Момышұлы - әскери жазушы, Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы.  Ол Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында 1924 жылдың  24 желтоқсанында дүниеге келген. 1932 жылы армия қатарына шақырылып, взвод, рота командирі, полк штаб бастығының көмекшісі болады. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен 316-атқыштар  дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады. Мәскеу түбіндегі ұрыстарға қатысты. Панфилов атындағы 8 гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі, кейін сол дивизияны басқарады.Оның қаһармандық ерлігі жайында орыс жазушысы А. Бек "Волоколамское шоссе"  романын жазып, оқырман сұранысы бойынша бес рет кітап болып шығады. Қазақ тіліне  "Арпалыс" деген атпен аударылып, төрт рет қайта басылады.

Шығармашылығы. Өзі де елге оралғаннан кейін шығармашылықпен айналысып, қазақ әдебиетінде әскери тақырыпты орнықтырады. "Ұшқан ұя", "Офицерт күнделігі", "Москва үшін шайқас",  "Ел басына күн туса", "Генерал Панфилов", "Жауынгердің тұлғасы" т.б. сынды құнды дүниелерді  өмірге әкеледі. "Ұшқан ұя" кітабы үшін Мемлекеттік сыйлықтың  лауреаттығына ұсынылады. Бұл кітабында Бауыржан өзінің балалық, жастық шағы, отбасы, бауырлары, өсіп-өнген ортасы жайлы қызғылықты түрде әңгімелеп береді. 

Пән: Қазақ әдебиеті