× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Шоқан Уәлиханов

Өмірі. Шоқан Уәлиханов - қазақтың тұңғыш ғалымы, саяхатшы, географ, тарихшы, фольклоршы . 1835 жылы Қостанай маңындағы Құсмұрын мекенінде өмірге келген. 12 жасында Шоқан Омбыдағы кадет корпусына оқуға түсіп, 1853 жылы оны үздік бітіріп шығады. Сыныптасы Г. Потанин, шығыстанушы И. Березин, К. Бутковский, жазушы А. Майков, петрашевші-жазушы Ф. Достоевскиймен достық қарым-қатынаста болып, өмірге деген көзқарасы өрістейді. Генерал-губернатор Г. Гасфорттың адьютанты бола жүріп, орталық Қазақстан, Тарбағатай, Жетісу өлкелеріне саяхаттайды, Бұдан әрі қытайдың Құлжа, Қашқар, Жоңғария өлкелеріне жасырын атпен өтіп, осы сапарлары бойынша көптеген материалдар алып қайтады. Бұл матепиалдарының бағалы болғаны сондай, Омбы мен Петербургте оны жаңа жер ашып келген қаһармандай қабылдайды, Ресей География қоғамының мүшесі етіп бекітеді. Ресейлік достары одан ұлы да маңызды жаңалықтар күткен еді. Өкінішке қарай, өкпесі қабынып, туысқаны Тезек төренің ауылында жүргенде 1865 жылы жастай қайтыс болады.

Шығармашылығы. Ол  Жетісу өлкесіндегі сапарынан "Ыстықкөл сапарының күнделігі", "Ұлы қырғыз-қайсақ ордасының әңгімелері мен аңыздары" және т.б. мақалалар жазады. Ол сондай-ақ "Манастың" бірнеше тарауларын жазып алып, оған шығыстың, қырғыздың теңдессіз шығармасы деп баға береді.Ал, Қашқарға барған сапарынан "Жоңғария очерктері", "Қашқарды немесе алты шаһарды суреттеу" атты құнды материалдар жазып, аты тек орыс мемлекетіне ғана емес, күллі Еуропаға мәшһүр болады. Ресей География қоғамы Шоқанның жоғарыда аталған еңбектерін 1904 жылы кітап етіп басып шығарады.   

Пән: Қазақ әдебиеті