× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Тығыздық деген не? Тығыздық формуласы, салыстырмалы тығыздық

Табиғаттағы көптеген бірдей көлемдегі денелердің массалары әртүрлі болады. Мысалы ағаштан жасалған үлкен қасықтар, темірден жасалған үлкен қасықтардан гөрі жеңілірек болады. Немесе құмға толы шелектің салмағы, суға толы шелектің салмағынан көп болады.

Не себепті әртүрлі заттардың салмағы әртүрлі болады? Бұған тығыздық ұғымы жауап береді.

Тығыздық формуласы

Дененің тығыздығы деп дененің салмағының дененің көлемінің қатынасына тең шаманы атайды:

ρ = M/V,

- мұндағы M - дененің килограммен есептелінген массасы, V - дененің кубтық метрмен есептелінген көлемі. Тығыздықтың өлшем бірлігі кг/м3. Тығыздық формуласы дегеніміз осы.

Тығыздықтын мынандай аңықтамасы да бар:

Тығыздық дегеніміз дененің бірлік көлеміндегі салмағына тең шама.

Бұл екі аңықтаманың мағынасы бір.

Мыстан жасалған қабырғасы он сантиметрлік кубтың салмағы 8 килограмм 900 грамм болса, мыстың салмағы неге тең?

Он сантиметр 0,1 метрге тең.

Кубтың көлемі V:

V = 0,1*0,1*01 = 0,001 м3.

8 килограмм 900 граммымыз 8,9 килограмм.

Мыстың тығыздығын есептейік.

ρ = 8,9/0,001 = 8900 кг/м3.

Жаттығу:

Еңі бес метр, ұзындығы елу метр, терендігі екі метр болатың бассейннің ішіндегі сұйықтың салмағы сегіз жүз тонна болса, сұйықтықтың тығыздығы неге тең?

Тығыздықтар кестесі

Салыстырмалы тығыздық

Бір заттың екінші затқа қатысты тығыздығы салыстырмалы тығыздық деп аталады. Мысалы заттардың судан неше рет тығыз екендігің есептейді, сөйтіп суға қатысты заттардың салыстырмалы тығыздықтарын алады.

Мысалы алюминийдің тығыздығы 2700 кг/м3 ал судын 1000 кг/м3, алюминийдің суға қатысты салыстырмалы тығыздығы:

D = 2700/1000

D = 2,7

Бұның физикалық мағынасы алюминий судан 2,7 рет ауыр болатындығында.

Мыстың тығыздығы 8900 кг/м3 болса, осы заттың алюминийге қатысты салыстырмалы тығыздығы қандай?

Пән: Физика