× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Абай Құнанбаев

Өмірі. Абай Құнанбаев - қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы тұңғыш клссигіміз. Ол бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының  шыңғыс тауында 1845 жылы 10 тамызда дүниеге келген. Алғаш молдадан тіл сындырған ол білімін Семей қаласындағы медреседе жалғастырады. Бұл жерде ол парсы, араб тілдерін меңгеріп, Шығыстың атақты ақындарының еңбекткерін құныға оқиды. Семей қаласындағы Н. Гоголь кітапханасының тұрақты оқырманы болып, осында орыс ойшылдары Н. И. Долгополовпен, Е.П. Михаэлиспен танысады. Бұл кісілер Абай көзқарасынығ қалыптасуына айрықша ықпал еткен. Алғашқы өлеңдерін өзге кісілердің атымен жариялатып жүрген Абай тек қырық жасына келгенде ғана өз атынан шығаруға көшеді. Ол 1904 жылы 59 жасында қайтыс болады.

Шығармашылығы. Абайдың шығармашылығы үш қайнар бұлақтан құнарланған: Біріншісі - ежелгі қазақ ауыз ідебиеті, екіншісі - Шығыс поэзиясының жауһарлары , үшіншісі - орыс пен Еуропа әдебиеті мен философиясы. Көркемдігі аса жоғары Абай өлең-жырларында қазақ халқының бүкіл болмыс бітімі, қуаныш-қайңысы әсерлі де терең бедерленген. Оның "Қара сөздері" қазақ жастарын оқу-білім игеруге, халқын сүюге, қараңғылық пен надандыққа қарсы тұрып, өмірдің мағынасын терең түсіне білуге шақырады.

Пән: Ағылшын тілі