× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Қадыр Мырза Әли

Өмірі. Қазақ әдебиетіндегі биік өрелі көрнекті ақындардың бірі - Қадыр Мырза Әли. Ол  Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданында 1935 жылы 5 қаңтарда дүниеге келген. Қызметін сол кезде жаңадан ашылған "Балдырған" журналынан бастаған ақын  кейіннен "Жұлдыз" журналында, "Жазушы" баспасында, Қазақстан Жазушылар одағында поэзия бөлімдерін басқарады. Жазушының соңғы қызметі -  "Балауса" баспасының директорлығы. 2011жылы қайтыс болған.

Шығармашылығы. Қазақ әдебиетінде Қ. Мырза Әлиден өзге  өте өнімді шығармалар жазып қалдырған жазушы кемде-кем. Оның қаламынан шет елдік жазушылардан аударған он том аударма, он том үлкендерге арналған поэзиялық кітаптар, екі том балаларға арналған өлең-жырлар, бір том проза ("Жазмыш", "Ғибратнама"), бір том драмалық шығармалар, бір том сын мақалалар жинағы және бір том әндер  жинағы дүниеге келген екен. Жазушы осы шығармалары арқылы өзінің тапқыр да қиялы ұшқыр, ой-парасаты терең ақын екенін дәлелдейді. Жазушының қазақ әдебиетіндегі тағы бір ерекшелігі, кейбір кітаптарын тек бір тақырыпқа ғана арнап жазатындығы. Мәселен, "Алақан" кітабы түгелімен

туысқан түркі текті халықтарға арнаса, "Дала дидары" тек дала туралы, ал, "Қызыл кітабы" экологияға ғана арналған.

Қадыр Мырза Әлидің "Дала дидары", "Ой орманы" кітаптары  қазақ поэзиясына қосылған биік өрелі шығармалар.

Пән: Қазақ әдебиеті