× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Тахауи Ахтанов

Өмірі. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі -Тахауи Ахтанов. Ол  Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы Шетырғыз мекенінде 1923 жылы дүниеге келген. Т. Ахтанов соғыстан оралғаннан кейін Қазақтың мемлекеттік баспасында, "Қазақфильм" киностудиясында, Қазақстан Жазушылар одағында, "Жұлдыз" журналында, Мемлекеттік Кітап палатасында әр түрлі жауапты қызметтер атқарады. 1994жылы қаза тапқан.

Шығармашылығы. Т. Ахтановтың "Махаббат мұңы", "Күй аңызы", "Көкқұтан" т.б. әңгіме-повестері, "Махаббат мұңы", "Әке мен бала", "Боран", "Күтпеген кездесу", "Күшік күйеу" драмалық шығармалары еліміздің және шетелдік сахналарда  бүгінгі күнге дейін қойылып келеді. "Қаһарлы күндер"  романы өзі болып келген соғыс сұрапылы жайлы шығарма.  Бұл романында жазушы соғыстың қатал шындығын  өзі көргендей  өте шынайы түрде қағазға түсіріп, адамдардың қайталанбас тағдырларын сомдайды.  Ал, "Дала сыры" атты бұрынғы повесін кейін қайта қарап,толықтырып, "Боран" деген атпен романға айналдырады.  Басты кейіпкері Қоспанның ауыл адамына, шаруасына тән қарапайым  өмірін өзек ете отырып, халықтың шынайы тағдырын сүйіспеншілікпен, терең тебіреніспен сомдап береді. Бұл шығарма Т. Ахтанов шығармашылығының шыңы ретінде мойындалып, 1966 жылы оған Мемлекеттік сыйлық беріледі. 

Пән: Қазақ әдебиеті