× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Мұқағали Мақатаев

Өмірі. Қазақ әдебиетіндегі ұлттық рухы биік, көрнекті ақындардың бірі - Мұқағали Мақатаев. Алматы обдысының Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында 1931 жылдың 9 ақпанында дүниеге келген. Жастайынан өлең жазып әуестеніп, алдымен аудандық газетте, 1962 жылы Алматыға көшіп келгеннен кейін Қазақ радиосында диктор, "Қазақ әдебиеті" газеті мен "Жұлдыз" журналында поэзия бөлімдерін басқарады. 1976 жылы өмірден озған.

Шығармашылығы. Іздену үстіндегі ол У. Уитменнің "Шөп жапырақтары", Шекспирдің сонеттерін, италияндық Данте ақынның әлемге әйгілі "Құдіретті комедиясын" жыр тілімен қазақша сөйлетіп, қазақ әдебиетіне қомақты үлесін қосады. М. Мақатаев өзіне ғана тән ерекше стилі - баршаны бауырына тартар нәзік те биязы, табиғи қазақы болмысты, ұлттық нақышы қою өлең-жырлары қазақ халқының сүйіспеншілігіне бөленіп, аузынан түспейтін ән-жырларына айналады.Сондай ән-жырлардың қатарына "Майгүлге", "Сәби болғым келеді", "Жапырақ жүрек жас қайың", "Соқ, жүрек!", "Жүрек неге зат болып жаралмаған", "Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін..." өлеңдерін жатқызуға болады. 

Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,

Алынбаған ақым бар сенде менің.

Бұйрат құмдар - бұйығып шөлдегенім,

Бура бұлттар - бусанып терлегенім,- 

деп жыр төккен ақиық ақын "Райымбек!, Райымбек!", "Бала шақтан болашаққа", "Ару-ана", "Алтай - Атырау", "Аққулар ұйықтағанда" атты жыр-дастандарын қазыналы мұраға қалдырды. Ақиық ақынның қазақ әдебиетіне қосқан ең құнды шығармаларының бірі -"Моцарт. Жан азасы" реквиемі. Бұл философиялық толғаудың  басты кейіпкері етіп ұлы композитор Моцартты алғанымен, ақын өз жан күйзелісін шамырқана жырлаған болатын. Сөйтіп, өшпес туынды қалдырып кетті...

Пән: Қазақ әдебиеті