× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Ілияс Есенберлин

Өмірі. Елімізде тарихи романдарды алғашқылардың бірі болып дүниеге әкеліп, халқымыздың сана-сезімі мен ұлттық рухын көтерген көрнекі қаламгерлердің бірі - Ілияс Есенберлин. Ол Ақмола облысының Атбасар қаласында 1915 жылдың 10 қаңтарында дүниеге келген. "Қазақфильм" киностудиясында редактор болып қызмет істеп, кейін өз қалауымен, Қонаевтың көмегімен "Жазушы" баспасының директоры болып, өмірінің ақырына дейін (1983) қызмет істейді. Көлемді романдарын осы кезден бастап бірінен кейін бірін туындатады. Оған дейін ақын ретінде танылып, "Айша", "Сұлтан" дастандарын шығарған еді.

Шығармашылығы. Қаламгер басқа дүниелерін айтпағанда, "Қатарлі өткел", "Алтын құс", "Көлеңкеңмен қорғай жүр","Ғашықтар","Маңғыстау майданы", "Айқас" сынды он алты роман жазып, өнімді еңбек етеді. Ал, оның "Көшпенділер", "Алтын Орда" тарихи трилогиялары қазақ әдебиетіндгегі құбылысқа айналып, жазушы қазақ халқының сүйіспеншілігіне бөленеді. кітаптары ұлттық мақтанышымызға айналады. "Көшпенділер" трилогиясының бірінші кітабы "Алмас қылыш" - қазақ хандығының ХІҮ - ХҮ ғасырдағы  қақтығыс, жаугершілік оқиғалары суреттеледі. Екінші кітабы "Жанталас" романында тарихи қайраткерлер Абылай хан мен Бұқар жыраудың  кезіндегі тарихи оқиғалар қамтылған. Үшінші кітабы "Қаһарда"  ұлт қаһарманы Кенесарының Ресей отаршылдарына қарсы жанқиярлық күресі мен ерліктері көрініс табады. "Қаһар" көптеген қазақ, орыс әдебиет сыншылары тарапынан өте жоғары бағаланып, Лениндік сыйлыққа ұсынылғанымен, ел ішіндегі көре алмаушылықтың кесірінен іліг алмай қалады.

Ал, "Алтын Орда" трилогиясы аты айтып тұрғандай, Алтын Орда хандығындағы тарихи оқиғалар кеңінен суреттеледі. Аталған екі трилогия қазақ халқының жеті жүз жылдық тарихын терең бейнелеген. 

Пән: Қазақ әдебиеті