× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Әбділда Тәжібаев

Өмірі. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі - ақын, жазушы, драматург Әбділда Тәжібаев. Ол 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жазушылар Одағының төрағасы, "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты қызметтерін атқарды. Беріде 1998 жылы қайтыс болған. 

Шығармашылығы. Ақын көптеген өлеңдермен бірге "Абыл", "Күй атасы", "Оркестр", "Толағай", "Мерген" атты халықтық дәстүрдегі жауһар поэмаларын дүниеге әкелді. "Батрақ", "Құлғара" оқиғалы поэмаларында үгіттік сарын басым болса, "Мен кешеден келдім", "Қазақстан - алтын сандық поэмалары публицистикалық сипатымен ерекшеленеді. Ал ең күрделі "Портреттер" поэмасы терең философиялық ой-толғанысқа құрылған. 

Ә. Тәжібаев қалам тартып, тағы бір биік деңгейге көтерілген жанры - драматургия. "Көңілдестер", ""Қыз бен солдат", "Жалғыз ағаш орман емес", "Майра", "Сағынамын күн сайын" драмалары республикамыз театрларының репертуарына енген жоғары сапалы туындылар. Солардың ішіндегі ең шоқтығы биігі -"Майра" драмасы. Бұл шығармасында  қазақтың әнші қызы Майраның ауыр да қайғылы трагедиялық өмірі бейнеленеді.

 Жоқтамаңдар, жыламаңдар, ата-анам,

Аз жасасам айыпты емен.

Қысқа өмірді қиянатта өткіздім,

Сөйтіп жүріп, шаршағанға әл бердім.

Мұңлы мекен, қайғылыға ән бердім,

Мезгілінен ерте сынсам амал не?-

деген жолдарда Майра өмірінің бүкіл тағдыры түйінделгендей. 

Пән: Қазақ әдебиеті