× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Ғабиден Мұстафин

Өмірі.  Қазақ әдебиетіндегі өз тұрғыластары С. Мұқанов , Ғ. Мүсіреповтермен қатар тұрған жазушының бірі Ғабиден Мұстафин. Ол Қарағанды облысының қазіргі Теміртау қаласына жақын жердегі Сартөбе деген жерде 1902 жылы қараша айында дүниеге келген. 1918 - 1925 жылдарда ауылда кеңес және әкімшілік  қызметтер атқарады. 1925 жылы Қызылордада қызмет істей жүріп, әдебиетпен айналысады. Кейін "Қарағанды пролетариаты", "Қызыл ту" газеттерінде істейді. Әдеби-қоғамдық қызметтерде зор беделге ие болған жазушы Қазақстан Жазушылар одағын басқарып, ҚазақКСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болды. Жазушы 1985 жылы өмірден озған.

Шығармашылығы.  "Сәрсен мен Боқаш", "Ер Шойын" әңгімелерімен, очерк, мақалаларымен шыңдалып шыққан ол  үлкен жанрларға қалам тербей  бастайды. "Шығанақ", "Қарағанды", "Миллионер", "Дауылдан кейін", "Көз көрген" романдарын жазып, өз шығармашылығы ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінің даму үдерісін де көтеріп тастайды. 

Жазушының алғашқы қомақты туындысы "Шығанақ" романы (1945) кеңес халықтарына танымал шығармаға айналады. Басты кейіпкері нақтылы өмірде болған, кезінде тары өсіруден бірнеше рет дүниежүзілік рекорд жасаған диқан Шығанақ Берсиев өміріне негізделген. Көркемдік жинақтау заңдылықтарына берік сүйенген қаламгер бұл шығармасында тарихи адамның бастан кешкендерін шыншылдықпен ашып, елеулі тұлға етіп шығарады.

Пән: Қазақ әдебиеті