× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Мұхтар Әуезов

Өмірі. Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов - ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, Еуропа мен Шығыс әдебиетінің озық өнегесін жете меңгеріп, әдебиетіміз бен тілімізді байытуға орасан еңбек еткен қайраткер. Қазақ халқының ауыз әдебиеті мен мәдени тарихын, этнографиялық өмір-тіршілігін молынан зерттеп, прозамен қатар аудармашылық, драматургия, публицистика жанрларында да мол еңбектер қалдырды. Ол бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы Бөрілі деген жерінде 1897 жылы  28 қыркүйекте дүниеге келген.1919 мұғалімдік семинарияны бітіріп, Семей губерниялық атқару  комитетінде қызмет атқарады. 1923 жылы ол Ленинград университетінің филология факультетіне оқуға түседі. білімін жан-жақты кеңейтіп, жетілдіре жүріп, жазушылық, зерттеушілік жұмыстарын да қатар жүргізеді. Елге келгеннен кейін Қазақ Мемлекеттік педагогикалық институнда, Қазақ Мемлекеттік университетінде сабақ беріп, қазақ әдебиетінен лекциялар оқиды. Мәчкеу Мемлекеттік университетінде КСРО хадықтары әдебиеті кафедрасының профессоры болады.

Шығармашылығы. Өмірі Қазан төңкерісімен тұспа-тұс келген жазушы алғашқы шығармаларының бірі "Қорғансыздың күні" әңгімесінен "Абай жолы" роман эпопеясына, "Еңлік - Кебек" трагедиясынан "Қара қыпшақ Қобыланды" опералық либреттосына, "Дауыл" алғашқы әңгімесінен "Өскен өркен" романына дейін, қазақ эпосы, әдебиеті мақалаларынан, КСРО халықтары әдебиеті мен мәдениеті теориялық зерттеулеріне дейін мол мұралар қалдырды. Ал оның  "Абай жолы" роман-эпопеясы Алатау шыңындай болып, қазақ әдебиетін бүкіл дүние жүзіне паш етті. Кезінде КСРО Сталиндік, Лениндік сыйлықтарына қол жеткізген бұл шығарма дүние жүзінің көптеген тілдеріне аударылып, дүние жүзілік классикалық әдебиеттің қатарына қосылды. Орыс жазушысы К. Феин: "Мұхтар Әуезовтың "Абайы" менің қазақ халқы туралы түсінігімді толықтырды, хош иісті самал ескен даланың жұпар ауасын жұтып, қазақ болып кеткен тәріздімін" деп жазса, Француз жазушысы Л. Арагон "Эпикалық "Абай" романы ... ХХғасырдағы ең мәнді романдардың бірі"деп жоғары баға берді. Иә бұл шығарма  ұлы ақын Абай өмірінің әр қилы тар жол тайғақ кешулерін, трагедиялық өмірін балалық, жастық шағынан бастап әдеби-көркем тілмен суреттей отырып, бүкіл қазақ даласының өмір-тіршілігін эпопеялық көлемде сипаттап берген еді.  .

Пән: Қазақ әдебиеті