× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Ілияс Жансүгіров

Өмірі. Көрнекті ақын Ілияс Жансүгіровтың поэзиясы қазақ әдебиетінде  классикалық үлгілердің қатарында. Ұлттық әдебиеттің дамып-қалыптасуына үлес қосқан қаламгерлердің бірі. Ол бүгінгі Алматы облысы Ақсу ауданында 1894 жылы дүниеге келген. Ақын "Тілші", "Еңбекші қазақ" редакцияларында еңбек етіп, әдеби мектебін қалыптастырады. Қазақстан көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарып, шыңдалудан өтеді. Абай жырларын, Еуропа, орыс классикасын зерттей оқып.шеберлігін көтереді. Сол кездегі қазақтың зиялы қайраткерлеріндей, ол да 1938 жылы репрессияға ілігіп, мерт болады.

Шығармашылығы. Ақын көптеген биік өрелі өлең-жырлармен қатар, кең тынысты эпикалық "Күй", "Күйші", "Дала", "Құлагер" поэма, дастандарын өмірге әкелді. Сөйтіп, қазақ поэзиясында өзіндік өшпес мұрасын қалдырды. "Құлагер" поэмасында  халық әнші-сазгері Ақан серінің сүйікті тұлпары Құлагерді аламан бәйгеге қосқан  кездегі психологиялық образын шеберлікпен суреттейді. Құлагер жүйркпен бірге Батыраш атты іш мерез, дүлейдің аты да бәйгеге түседі. Тұла бойын қызғаныш пен аярлық кернеген Батыраш оқ бойы озып келе жатқан Құлагерді орта жолда ұрып құлатып, мерт қылады. Жанына балаған Құлагерінің өлі денесін құшақтап, зар еңіреп Ақан сері қалады күйзеліп. Міне, осы трагедияны ақын өршіл рухпен  өлмес жыр қылып өреді.

Пән: Қазақ әдебиеті