× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Сұлтанмахмұт Торайғыров.

Өмірі. Сұлтанмахмұт Торайғыров ХХ ғасырдың басында өмір кешкен аса көрнекті ақын, прозашы, көсемсөз шебері. Жиырма жеті жылдық қысқа ғұмырында қалдырған әдеби мұрасы қомақты да құнды. Ол 1893 жылдың  28 қазанында бүгінгі Ақмола облысының Көкшетау аймағында, Қызылту ауылында дүниеге келген.1913 жылдан бастап қазақ ауылдарында бала оқытып, ағартушылық жұмыстармен шұғылданады. 1913 - 1914 жылдары "Айқап" журналының хатшылығы қызметін атқарады. Ақпан төңкерісінен кейін Семейге келіп, облыстық қырғыз (қазақ) комитетінің хатшысы болады. Қысқа ғұмырын білім іздеп, арман қуып, аурумен арпалысып, құнды да қымбат шығармалар жазып өткізген жалынды ақын 1920 жылдың көктемінде дүние салады.

Шығармашылығы. С. Торайғыровтың қаламынан "Кім жазықты", "Қамар сұлу" романдары, "Адасқан өмір", "Кедей" поэмалары, "Бір адамға", "Алаш ұраны", "Таныстыру", "Кедейлік" және т. б. көптеген лирикалық өлең-жырлар дүниеге келген. Оның:

Қараңғы қазақ көгіне

Қрмелеп шығып, күн болам.

Қараңғылықтың кегіне

Күн болмағанда кім болам? -

деген өлеңі, "Жасамаймын еңбектің, қызығын көзбен көрем деп, жасаймын бір қолғабыс, кейінгіге берем деп" деген жыр шумақтары оның асқақ өмірлік мұратын танытады.

"Қамар сұлу" романы. Бұл шығарма - ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің кесек туындысы, алғашқы қазақ романдарының бірі. Ескі қазақ өмірінің күрделі кезеңдерін, әйел бостандығын, Қамар атты қазақ қызының қайғылы да қасіретті өмірін суреттейді.   

Пән: Қазақ әдебиеті