× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Міржақып Дулатов

Өмірі. Міржақып Дулутов - Алаштың ірі  қайраткері, жазушы, ақын, көсемсөз шебері. Қазіргі Қостанай облысының Торғай өлкесі, Қызылбел ауылында 1885 жылдың 25 қарашасында дүниеге келген. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлымен бірге Алаш азаттығы жолында күресіп, ұлтымыздың қоғамдық-әлеуметтік мәселелерін жан-жақты көтеріп, қазақ журналистикасының негізін салған, қазақ мәдениеті мен әдеби тілін қалыптастыруға күш салған. Алаш қозғалысы, Алаш өкіметі, Алаш әскері (1913 - 1920) - бұлардың бәріне де М. Дулатов білек сыбана қатысып, әр түрлі ұйымдарына сайланған, ұрандарын жазған. "Оян, қазақ!" деген ұранды тұңғыш көтерген қайраткер.

1922, 1928 жылдары кеңес түрмесіне қамалып, 1935 жылы Балтық каналының бойындағы лагерде қаза тауып, репресия құрбанына айналады.

Шығармашылығы. Міржақыптың  даңқын қазақ даласында ғана емес, Ресейдегі бүкіл түркі жұртына жайған еңбегі - "Оян қазақ!" кітабы. Бұл кітабында автор қазақ, түркі халықтарын оятуға, отаршылдыққа қарсы күреске шақырады.1909, 1911 жылдары екі рет басылым көрді. Патша өкіметі тарапынан қуғынға түсіп, қамалады.

Прозадағы ірі шыңармасы "Бақытсыз Жамал" романы, 1910 жылы Қазанда жария көрді. Қазақ әдебиеті тарихындағы тұңғыш роман. Жамал атты қыздың ауыр тұрмыс, өмірі арқылы  қазақ әйелдерінің  теңсіздік мәселесін көтерген. Бұл жолды кейінірек Сәлім Көшімов "Мұңлы Мәриям", Тайыр Жомартбаев "Қыз көрелік" (1912), Спандияр Көбеев "Қалың мал", Сұлтанмахмұт Торайғыров "Қамар сұлу" (1914) романдарымен  жалғастырды. Бұл шыңармалардың  да көтерген тақырыбы Міржақып туындысымен  сабақтас.

 

 

Пән: Қазақ әдебиеті