× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Ахмет Байтұрсынұлы

Өмірі. Ахмет Байтұрсынұлы Алаш қайраткерлерінің ірі өкілі. Ағартушылық, демократиялық бағытты ілгері жалғастырушы іргелі тілші-ғалым, әдебиет зерттеуші, түркітанушы, дарынды ақын-аудармашы. Қазіргі Қостанай облысы, Торғай аймағындағы Сартүбек деген жерде 1872 жылы дүниеге келген. Қазан көтерілісіне дейін Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында мұғалім болып, бала оқытады, Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы күреседі, Алаш партиясын құрып, өз алдына Қазақ автономиялы мемлекетін орнатуға күш салады. "Қазақ" газетін ашып, басқарып, халық өмірінің сан алуан көкейкесті мәселелерін көтереді.

1918 - 1919 жылдары бұрынғы ұлт зиялыларының көптеген өкілдерін өзіне ілестіріп, Кеңес өкіметі жағына өтеді. Республика халық ағарту комиссары, Орталық Атқару Комитетінің мүшесі, жоғарғы оқу орындарында оқытушы, профессор болады.

Сталинизм қылышынан қан тамып тұрған1929 жылдары әділетсіздікпен ұсталып, қамалады да, 1937 жылы репрессияға ұшырап, атылады.

Шығармашылығы. Ол ақын, көсемсөз шебері, ғалым бола жүріп, артына көптеген еңбектер қалдырды. Орыстың атақты мысалшысы И. А. Крыловтың мысалдарын қазақ ұғымына жақындатып аударып, "Қырық мысал" деген атпен 1909 Петербургта кітап етіп шығарды. Осы мысалдары арқылы қазақ халқын оятып, тұрмысын түземек болды. Мәселен, "Қайырымды түлкі", "Ала қойлар", "Өгіз бен бақа" және т. б. мысалдарымен қазақтың мінез-құлқын түзеуге күш салды.

"Әдебиет танытқыш". Бұл еңбегі 1926 жылы Ташкентте шыққан. Бұл оқулық, кітабымен А. Байтұрсынұлы қазақ ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізін қалап, көптеген әдеби терминдерді қалыптастырып берді. Мәселен, бүгінгі кейіптеу, әсірелеу, теңеу, үдету, кескіндеу, бейнелеу, бунақ, тармақ, мінездеме және т.б. ұғым-сөздерді тұңғыш рет әдеби айналымға енгізген.

Пән: Қазақ әдебиеті