× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Жарықтың дисперсиясы. Дисперсия дегеніміз не?

Призма арқылы жарықты өткізсек, жарық түрлі-түске боянады:

Жарықтың дисперсиясы

Суретте көрініп тұрғандай қызыл түстің сыну бұрышы аз болады да күлгін түстке қарай сыну бұрышы артады. Жарықтың дисперсиясы дегеніміз осы!

Жарықтың дисперсиясының себебі неде?

Вакуум не ауада жарықтың жылдамдығы зор болады, шамамен секундына 300 000 км, әрі бұл жылдамдық, жарықтың толқын ұзындығына тәуелсіз болады.

Ал мөлдір орталарда жарықтың абсолют сыну көрсеткіші, жарықтың толқын ұзындығына тәуелді болады. Осының салдарынан түрлі толқын ұзындығына ие түрлі-түсті жарық сәулелер әртүрлі бұрышқа сынады.

Жарық дисперсиясының ашылуы

1672 жылы ұлы математик әрі физик Исаак Ньютон призма арқылы жарықты өткізіп, жарықтың дисперсиясын байқаған.

Дисперсия мысалдары

Жаңбырдан кейін пайда болатын кемпірқосақ дисперсия мысалы бола алады. Айнаның бұрыштарында да әртүрлі түстерді байқауға болады.

Оған қоса гауһар тастарда да дисперсия байқалады:

Дисперсия деген не?

Пән: Физика