× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Линза дегеніміз не? Линза түрлері. Линзаның фокусы

Линза дегеніміз не? Ұлғайтқыштың көмегімен заттардың көрінуін үлкейтуге болады:

Ұлғайтқыш

Бұл қалай болды? Бұның табиғаты қандай? Бұған себепкер линза. Линза дегеніміз бұл бір не екі беті қисық болатын мөлдір шыңы (не басқа мөлдір зат, мысалы пластик). Осы қисықтықтың арқасында заттардың көрінуі үлкейеді не кішірейеді.

Линза түрлері

Линзаның екі беттерінің пішініне қарай линзаның түрлері мынандай болады:

Линза түрлері

1, 2, 3 жинаушы ал 4, 5, 6 линзалар шашыратқыш деп аталады. Себебі алғашқы үшеуі жарықты бір нүктеге жинайды, ал қалғандары шашыратады.

Дөңес және ойыс линза

Линзаның беті ойыс, дөңес не тегіс бола алады. Осыған қарай жоғарыдағы суреттегі линзаларды атау белгіленген:

1 - екіжақты дөңес линза; 2 - тегіс-дөңес линза; 3 - ойыс-дөңес линза, 4 - екіжақты ойыс линза, 5 - тегіс-ойыс линза және 6 - ойыс-дөңес линза.

Линзаның фокусы

Екі жақты дөңес линзаның қисық беттері арқылы сфераларды сызайық:

Линзаның басты оптикалық осі

Бұл сфералардың қисықтығы линзаның қисықтығындай. Екі сфераның O1 және O2 центрлері арқылы өтетің түзу линзаның басты оптикалық өсі деп аталады.

Жинаушы линзаның басты оптикалық өсіне паралель бағытта жарықты түсірсек, бұл жарық бір нүктеде жиналады:

Линзаның фокусы

Осы Ф нүктесі линзаның фокусы деп аталады. Ал суретте көрсетілген F арақашықтық линзаның фокустық арақашықтығы деп аталады.

Шашыратқыш линзаның фокусы бұл линза арқылы өткен шашыраған сәулелерді линзаның бергі жағына ойша жалғастырамыз да (суретте оң жағындағы линзада пунктирмен көрсетілген), қиылысатын нүктені аламыз. Бұл фокус нүктесі болады. Ал фокустық арақашықтық осы нүктеден линзаның ортасына дейінгі арақашықтықтың модуліне тең. Бұны теріс шама деп алу келісілген.

Пән: Физика