× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Сыну көрсеткіші - абсолют және салыстырмалы

Жарық вакуумде (зат жоқ жерде, бос жерде) жуықтап алғанда c = 300 000 км/c жылдамдықпен тарайды. Вакуум емес орталарда жарықтың жылдамдығы бұдан аз болады.

Мысалы су ішінде жарықтың жылдамдығы жуықтап алғанда 225 000 км/c тең.

Абсолют сыну көрсеткіші

Вакуумдегі c жарық жылдамдығының орта ішіндегі v жарық жылдамдығының қатынасына тең n шама ортаның абсолют сыну көрсеткіші деп аталады:

n = c/v.

Мысалы судын абсолют сыну көрсеткішін аңықтайық.

c = 300 000 км/c ал v = 225 000 км/с.

n = 300 000/225 000 = 1,33

Сонымен судын абсолют сыну көрсеткіші 1,33-ке тең.

Көптеген заттардың сыну көрсеткіштері аңықталған, бұлардың арнайы кестелері де бар.

Салыстырмалы сыну көрсеткіші

Сыну көрсеткіштері n1 мен n2 болатын екі зат арқылы жарық өтсе, олардың абсолют сыну көрсеткіштерінің қатынасы (n2/n1) ортаның салыстырмалы сыну көрсеткіші деп аталады.

Мысалы жарық су мен абсолют сыну көрсеткіші 1,5 тең шыңы арқылы өтсе. Салыстырмалы сыну көрсеткіші неге тең?

Шешуі:

n2/n1 = 1,5/1,33 = 1,27.

Жауабы: жуықтап алғанда салыстырмалы сыну көрсеткіші 1,27 тең.

Пән: Физика