× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Жарық деген не? Жарықтың таралуы

Жарық деген не? Жер планетасындағы өмір Күн жұлдызынан келетің жарыққа тәуелді. Барлық өсімдіктер мен жануарлар осының арқасында өмір сүреді. Күн жарығы өсімдіктің жапырақтарың сәулелендіреді де, өсімдікте фотосинтез процесі жүреді. Өсімдік көмірқышқыл газын сіңіреді де, су мен оттегіні бөледі. Ауа тазарады. Бұның себепкері жарық!

Жарық алыста орналасқан жұлдыздардан жер бетіне жетеді, түнде аспанға қарасаңыз бұны көре аласыз:

Жарық деген не?

Жарық дегеніміз бұл көзге көрінетің электромагниттік толқындар. Мысалы жаңған оттың жарығы осы электромагниттік толқындар болады. Бұлар көзге көрінеді.

Жарық көздері

Жарық көздері сан алуан, мысалы электр шамы не ұялы телефон жарық көзі бола алады. Себебі бұл құрылғылар жарықты таратады. Ұялы телефонның экраны жарықты таратқандықтан біз экрандағы жазуларды көре аламыз:

Ұялы телефон

Ұялы телефон қосылып тұрғанда оның экраны жарқырайды, ал өшіріліп тұрғанда телефонның экраны жарықты шашырамайды.

Жарықтың таралуы және жарық жылдамдығы

Жарық түзудің бойымен тарайды. Жарық өте үлкен жылдамдықпен тарайды, вакуумдегі жарық жылдамдығы жуықтап алғанда 300 000 км/с тең. Бір сенундына 300 000 километр! Бұл өте үлкен шама, мысалы 300 километр арақашықтықты бар жоғы секундтың 1/1000 бөлігінде өтіп шығады.

Жарық жылдамдығын c деп белгілейді. Жарық жылдамдығы табиғаттағы ең үлкен жылдамдық боп есептеледі.

Көленке

Жарық жоқ жерде көленке пайда болады. Мысалы адам күндіз далаға шықса, жер көленке пайда болады.

Пән: Физика