×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Галактика деген не? Құс жолы және өзге галактикалар

Создание сайта в Алматы

Галактика деген не? Галактика дегеніміз бұл бір-бірімен гравитациялық, тартылыс күшімен байланысқан жұлдыздар шоғыры. Мысалы түнде аспанға қарасаңыз Құс жолың көре аласыз, бұл біздің Күн жұлдызымыз кіретін газактика:

Құс жолы галактикаға жатады

Құс жолы

Құс жолы аспанда түнде көрінеді, бұл галактикаға түнде көзге көрінетің барлық жұлдыздар тиесілі. Құс жолының диаметрі шамамен 100 000 жарық жыл. Бұл дегеніміз жарық осы галактиканың бір шетінен екінші шетіне жеткенше 100 000 жыл өту керек!

Құс жолының суреті:

Құс жолы және Күн

Ағылшынша Құс жолы Milky Way ал Күн Sun деп аударылады. Суреттен көріп тұрғанымыздай Күн галактиканың шетінде орналасқан.

Басқа галактикалар

Аспанда Құс жолынан басқа галактикалар бар, мысалы Андромеда галактикасы:

Андромеда галактикасы

Бұл галактиканың телескоптың көмегімен түсірілген суреті ғой, ал аспанда көзге бұл галактика кішкентай бұлт сияқты көрінеді:

Андромеда галактикасы

Галактикалар типтері

Галактикалар пішініне қарай үш негізгі типке бөлінеді - спиральді, эллиптік және бұрыс.

Спиральді галактикалар

Спиральді галактикаларға Құс жолы жатады, бұндай галактикалардың пішіні спиральге ұқсайды:

Құс жолы

Элипстік галактикалар

Элипстік галактикалардың пішіні эллипске ұқсайды:

Эллиптикалық галактикалар

Бұнда спиральді галактикаларындағыдай ұзын қол сияқты бөліктер жоқ.

Бұрыс пішінді галактикалар

Бұндай галактикалардың пішіні эллипске де, сприальға да ұқсамайды. Мысалы мынандай пішінді галактика:

Бұрыс пішінді галактика

Пән: Астрономия

Комменттер

Галактика дегенім не

Saiasat taz Taz

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Галактика дегеніміз бұл бір-бірімен гравитациялық, тартылыс күшімен байланысқан жұлдыздар шоғыры. Мысалы Күн жүйесі сегіз планетадан тұрады. Бұлар Күнге тартылып бірге айналады:

Күн жүйесі

Күн жүйесі планеталардың шоғыры. Ал галактика ортақ тартылу күшінің әсерінен бір шоғырға жиналған жұлдыздар шоғыры. Мысалы Құс Жолы осындай галактика болады:

Галактика деген не?

Құс Жолындағы жұлдыздар ортаға тартылады. Және бұлар осы центрді айналып қозғалады.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою