× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Партия деген не? Саяси партия

Партия деген не? Партия сөзі бірнеше мағынада қолданылады, бір мағынасы бұл ортақ мүдделері, ойлары бар адамдар, екінші мағынасы бұл музыкалық шығарманың бір адам не бір аспап орындайтын бөлімі, үшінші мағынасы бұл ойынған ойын, мысалы шахмат партиясы.

Саяси партия

Саяси партия бұл мемлекеттегі билікті қолға алу не мемлекетті басқару үшін, ортақ мүдделері мен идеологиясы бар адамдар тобы. Саяси партияға адамдар өз еркімен кіре алады. Мысалы жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ даласында құрылған Алаш Орда партиясы бұндай партия еді.

Алашордалықтардың басты мүддесі, қазақ елін - дамыған, оқыған, бай, бақытты елдердің қатарына қосу. Бұл үшін елде ағарту шараларын, қазақ өкіметің құру, елде демократиялық бағыттағы институттарды дамыту сияқты ойлар бар алашордалықтарда бар еді. Бұның бәрі Алаш Орда партиясының бағдарламасында белгіленген.

Саяси партиялардың бағдарламалары

Саяси партияның күші, байлығы, бұл партия мүшелерінің санымен аңықталады. Мемлекетте көп адам партияға қосылса, бұндай партия елдегі саясатқа, экономикаға әсер ете алады. Партияға кіретін адамдардың саны аз болса, бұндай партияны ешкім елемейді.

Сондықтан барлық саяси партиялардың бағдарламалары қалын бұқараның мұн-мұқтажын ескереді. Елдің хал-ахуалің жақсарту, жұмыссыздықпен күресу, экономиканы дамыту, салықтарды азайту сияқты уәделер әлемдегі барлық саяси партияларға ортақ қасиет.

Пән: География