×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Үдеу деген не, үдеу формуласы, еркін түсу үдеуі

Купить косметику в Алматы

Үдеу сөзі қазақ тілінде жылдамдықтың, күштің, ағынның, т.с.с артқаның белгілейді, мысалы судын ағысы үдей түсті дегені су ағысының артқаның белгілейді.

Сонымен қатар үдеу сөзі физикалық термин ретінде де қолданылады.

Үдеу формуласы

Үдеу дегеніміз дененің жылдамдығының артуын сипаттайтын шама. Мысалы дене алғашында 1 м/c жылдамдықпен, екі секундтан кейін 5 м/с жылдамдықпен қозғалса, онда дененің қозғалысы үдетілді, артты.

Үдеу біркелкі болса, онда үдеу формуласы мынау:

a = (v2 - v1)/t, 

мұндағы v1, v2 - дененің бастапқы және соңғы жылдамдығы, ал t, жылдамдықтың өзгеруіне кеткен уақыт.

Мысалы жоғарыдағы мысалдағы дененің үдеуін есептейік:

a = (5 - 1)/2

a = 4/2

a = 2 м/c2

Жаттығу:

Дене алғашында 3 м/с, үш секундтан кейін 18 м/с жылдамдықпен қозғалса, дененің үдеуің есептеңіз.

Жылдамдық артуының есептейтің формула

Үдеудің аңықтамасын пайдалана отырып, t уақытта a үдеумен үдетілген дененің v жылдамдығы мынандай болады:

v = v0 + at,

мұндағы v0 дененің бастапқы жылдамдығы.

Еркін түсу үдеуі

Дене жоғарыдан төмен құласа, дененің жылдамдығы біртіндеп арта бастайды бұның себебі дененің еркін түсу үдеуі. Ғарыштан құлаған метеорит жерді қопарып кратер қалдырады. Мысалы мына Аризоналық кратердің еңі 1219 метр:

Аризоналық кратер

Не себептен метеорит жер бетімен соқтығысқанда бұндай үлкен із қалдырады? Себебі дене ғарыштан жер бетіне құлағанша жылдамдығын едәуір арттырады. Еркін түсу үдеуі дегеніміз осы!

Жер планетасының бетіндегі еркін түсу үдеуі жуықтап алғанда 9,8 м/c2 тең бұл шама g әрпімен белгіленеді.

Жоғарыдан құлаған дене t уақытта h тең вертикалды өспен есептегенде жол өтеді:

h = gt2/2

Осы формуланы пайдалана отырып есептер шығара аламыз. Мысалы доп екі секундта жерге құласа, доп қандай биіктіктен лақтырылды?

Соңғы формулаға сәйкес:

h = 9,8*22/2

h = 9,8*4/2

h = 9,8*2

h = 19,6

Жауабы: доп 19,6 метр биіктіктен жерге құлады.

Ал осы доп 5 секунда жерге құласа оның құлаған биіктігі қандай?

Пән: Физика

Комменттер

Орбитадағы m=80кг салмағын қалай табат....?

Ақмерей Кубеева

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Салмақсыздықта ма? Салмақсыздықта дененің салмағы 0 тең болады. Бұндай ортада ғарышкерлер судағы балықтар сияқты жүзіп жүреді:

Космонавт

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою