×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Демократия дегеніміз не? Демократия белгілері

Создание сайта в Алматы

Өзін өзі білген ер бақытты,
Өзін өзі билеген ел бақытты.

Демократия деген не? Мемлекетте барша жұрттың құқықтары тең болса және барлық маңызды шешімдер елмен кеңесіп істелінсе демократия орнады делінеді. Демократиялық мемлекетте заң жүзінде ерекше мәртебеге ие патша, император, хан дегені болмайды. Ақ сүйек пен қара сүйек дегені ұмытылады. Жарлы мен байы тең болады.

Бай, қуатты елдер

Демократия деген не?

Көппен пішкен тоң келте болмайды дегендей демократиялық мемлекеттерде үкімет елдің айтқанына көніп жүреді. Халықпен санасады. Демократиялық үкімет байлар мен олигархтардың айтқанына ермей, елге керектіні істеу қажет. Әйтпесе сайлауда ойсырай жеңіледі.

Қазіргі танда ең бай, ең бақытты елдердің барлығында дерлік демократия орнаған. Батыс Европа мен Солтюстік Американың барлық елдері демократиялық және бай.

Мысалы, мұнайы, алтыны, күмісі, газы, ураны жоқ, алақандай жері ғана бар Швейцариядағы орташа жалақы мөлшері 5000 доллардан астам. Кредиттері төмен, бар жоғы жылына 2-3%. Ипотекасы да қол жетімді. Жұмысшылары да ала алады. Инфляция да төмен. Ал алыстағы ауылдары мынандай:

Демократия деген не?

Айдалада орналасқанына қарамастан ішінде бәрі бар. Интернет, телефон, тоқ, су, канализация және басқа игіліктері бар. Себебі бұнда жемқорлыққа жол жоқ. Үкімет ел ақысын жемейді. Демократия дегеніміз осы, деомкратиялық өкімет ел қамын ойлайды.

Ал қала арасында, сағатына 200-300 шақырым жерді артқа қалдырып мынандай поездар жүреді (осындай поезд бізде бар болса, Алматыдан Шымкентке дейін бар жоғы бес сағатта жетер едік!):

Демократия деген не?

Авторитарлық, диктаторлық елдерде, президент ауыспайтын елдерде соғыс пен тирания орын тебеді. Бұндай елдер көштен қалып, кедейлене береді. Бұндай елдер үшін бір ғана амал бар - жауыз билікті құлатып, демокртариялық мемлекетті құрып дамыған елдерге қосылу.

Мысалы Оңтүстік және Солтүстік Кореяны салыстырайық. Оңтүстігінде демократиялық өкімет орнап ел тез, шапшаң дамып жатыр. Бүткіл әлемге неше түрлі смартфондар жасап. Ал Солтүстігінде талай жылдар бойы бір қақбас отыр. Шамасына қарамай АҚШ-пен соғысқысы келіп тұр. Халқы кедей, аш болса да. Бұндай диктаторлардың аузын біреу айырса, құдай күнәні кешіреді.

Демократия белгілері

Әрбір адамның құқықтары тең болады. Бай ма? Кедей ме? Жарлы ма? Бастық па? Бәрінің құқықтары тең болады.

Халық - билік бұлағы болады. Президентті, әкімдерді, депутаттарды, ел, халық дауыс беріп сайлайды. Президент пен әкімдер халық атынан мемлекетті басқарады, ал депутаттар заң шығарады.

Кейбір маңызды мәселелерді шешу үшін, елдің пікірін білу үшін, референдум өткізіледі. Мысалы, 2016 жылы Ұлыбританияда, елдің Еуропалық одақтан шығу не шықпау мәселесін шешу үшін бүткіл халықтық сайлау-референдум өткізілді.

Осы сайлаудың қорытындысы бойынша елдің көпшілігі Еуропалық одақтан шығуды қалаған. Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуын мемлекет басшылары жүзеге асыруы тиіс, себебі бұл халықтың дауыс беруі еді.

Елде көп партиялар бар болады. Және бұл партиялардың мүшелері парламент пен сенат сияқты заң шығарушы мекемелерде болады. Мемлекетте тек қана бір партия ғана үстем болмайды, өзге партиялар да ел басқару ісіне араласады.

Демократия дегеніміз не? Демократия термині көне грек тілінен "халық билігі" деп аударылады. Осыдан екі жарым мың жыл бұрын, көне грек елінде демократия орнаған.

Көне гректермен замандас, біздің атақты ата-бабаларымыз - сақтар мен скифтерде де демократия бар еді, бұны көне гректер әскери демократия деп атаған.

Қазақтың демократиясы

Қазақ елінде билерді ешкім тағайындамаған, би болу үшін адам - ақылды, заңдарды білетін, әділ болуы керек.

Ханды да бүткіл елдің батырлары, сұлтандары, билері жиналып сайлаған еді.

Батыр деген атақ та демократиялық жолмен берілген. Кім шайқаста ерлік көрсетіп, жаудың талай күшін құртса, сол батыр деген атаққа ие болады. Бай ма? Кедей ме? Төре ме? Бұған мән бермейді.

Батырдың артынан басқа жауынгерлер еріп, батырдың жасағын құрады. Жасағы көп батырлармен хандар сыйласып тұрған, олармен санасып отырған.

Мысалы атақты Қабанбай, Бөгенбай, Баян және тағы сол сияқты батырларды халық сыйлап, ал хандар олармен санасып отырған.

Сонымен демократия деген не десеңіз, демократия бұл халық билігі деп жауап береміз!

Пән: География