× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Present Perfect ережесі қазақша

Present Perfect ережесі қазақша қазіргі шақтың бір түрін белгілейді. Бұл шақ мына екі жағдайда қолданылады:

1) казіргі мезетке дейін аяқталған іс-әрекеттер болғанда, мысалы I have played - мен ойнадым,

2) не казіргі уақыт аралығын қамтыған период ішінде аяқталған оқиғаларға, мысалы I have finished reading “Hamlet” this week, мен "Гамлет" кітабің осы аптада оқып шықтым. Қашан? Осы аптада, апта бітті ме? Жоқ!

Present Perfect құрылу жолдары

Болымды сөйлем:

I have played We have played
You have played You have played
He / she / it has played They have played

Сұрақ қою:

Have I played? Have we played?
Have you played? Have you played?
Has he / she / it played? Have they played?

Теріске шығару:

I have not played We have not played
You have not played You have not played
He / she / it has not played They have not played

Present Perfect қолдану жолдары

Present Perfect болған оқиғаның өзі ғана маңызға ие, ал оқиға болған уақыт және себептер маңызды болмаған жағдайда:

have been to London - мен Лондонда болдым. Қашан болдым? Не үшін сол қалаға бардым деген сұрақтар қойылмаған. Оқиға болған уақыт маңызды болса және бұл уақыт аралығы аяқталса Past Simple ережесі қолданылады:

went to Almaty last year - мен Алматыда өткен жылы болдым.

Оқиға баяғыда басталып, бірақ әлі күнге дейін аяқталмаса:

I’ve studied English since childhood - мен ағылшын тілін балалық шақтан бері үйреніп жатырмын.

Present Perfect ережесі қазақша дегеніміз осы!

Пән: Ағылшын тілі