× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Бұрыш дегеніміз не? Сүйір бұрыш, доғал бұрыш, тік бұрыш

Бұрыш дегеніміз бір нүктеден шыққан екі сәуленің арасындағы фигура:

Бұрыш деген не

Осы фигураның өлшемі градус не π (пи деп оқылады) боп табылады. 180 градус немесе бір π дегеніміз бір түзідің бойындағы жатқан екі сәуленің арасындағы бұрыштың өлшемі:

180 градустық бұрыш

Осылай 180 градус немесе бір π аңықталады, қалған бұрыштар, осы 180-ке не π-ге пропорционал аңықталады, мысалы 90 градус немесе π/2 дегеніміз 180 градустық бұрыштың жартысы:

90 градус

360 градус дегеніміз екі рет 180 градус (жарты айналым), немесе бір айналым. Мысалы сағаттың секундтық тілі 60 секунд ішінде бір айналым жасайды, бұл дегеніміз секундтық тіл 360 градусқа айналды:

Сағат

Екі минутта сағаттың секундтық тілі 720 граудсқа айналады (екі айналым жасайды).

Сүйір бұрыш

Геометрияда 900 градустан аз бұрыш сүйір бұрыш деп аталады. Мысалы 300 градустық бұрыш сүйір бұрыш болады, себебі 300 градус 900 градустан аз.

Жаттығу:

30, 45 градустық сүйір бұрыштарды салыңыз. Және осы бұрыштарды пи көмегімен бейнеленіз.

Доғал бұрыш

Геометрияда 900 градустан көп бұрыш доғал бұрыш деп аталады. Мысалы 1200 градустық бұрыш сүйір бұрыш болады, себебі 1200 градус 900 градустан көп.

Жаттығу:

1350, 1500 градустық сүйір бұрыштарды салыңыз. Және осы бұрыштарды пи көмегімен бейнеленіз.

Тік бұрыш

Геометрияда 900 градусқа тең бұрыш тік бұрыш деп аталады. Тік бұрыштың суреті:

90 градус

Пән: Геометрия