× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Жоңғар шапқыншылығы

Қазақ даласы Еуразия материгінің дәл ортасында орналасқандықтан, осы елге жан-жағынан көптеген мемлекеттердің жасақтары шабуылдаған.

Парсы патшалары да, қытай императорлары да, Ескендір Зұлкарнайын да, көне гректер де, үнділер де, арабтар да, моңғолдар да, өзбектер де, қырғыздар да, ауғандар да, қалмақтар да, ...

Қазақ даласының батырлары, өз елі мен жерің шетелдік басқыншылардан талай рет азат еткен. Талай рет жауларды жеңген, талай рет жау жасақтарың тас-талқан еткен.

Жоңғарияның күйреуі

Жоңғар шапқыншылығы өзге шапқыншылықтардан едәір қатал болған, жоңғарлар көп елді, бала ма, шал ма деп қарамай қырған. Жоңғарлар тіпті өздеріне бауырлас моңғолдарды да аямай қырған.

Жоңғар шапқыншылығы 15 ғасырдан басталып, 18 ғасырдың екінші жартысына дейін созылды. Жоңғар мемлекетінің әскерлерің, 18 ғасырда, Абылай хан басқарған қазақтың батырлары жеңді.

Абылай ханға дейін жоңғарлармен Есім, Салқам Жәнгір, Тәуке және Әбілхайыр сияқты хандар соғысқан.

Жоңғарға қарсы күресте - Бөгембай, Қабанбай, Баян, Наурызбай, Олжабай, Жәнібек, Малайсары, Жанатай, ... сияқты батырлар елеулі үлес қосты.

Абылай хан, өзі батыр да данышпан қолбасшы да бола алған. Абылай хан жаудан едәуір аз әскермен, талай рет жеңіске жете алған.

Қазақтардан жеңілген Жоңғар мемлекеті оңалмай қалды да, қытайдың әскерлеріне төтеп бере алмай, жоңғар елін қытайлар түгелдей қырды.

Пән: Тарих