× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

PHP тілі

PHP тілі әлемдегі ең танымал тілдердің бірі, сайт жасауда кеңінен пайдалынады. Осы тілде көптеген сайттар жасалған, мысалы Фейсбук пен Уикипедия сияқтылары. Бағдарламаушы болсаңыз, осы тілде жұмыс істейтің шығарсыз.

Php тілінде көптеген Сайтты Басқару Жүйелері жасалған, мысалы - ВордПресс, ОпенКарт, Джумла, МодИкс. Бұлар интернетте үлкен сұранысқа ие.

Php тілінің синтаксисі

Осы тіл серверде ғана жұмыс істей алады, html сияқты емес. Бұл үшін хостингті не онлайн сервистерді пайдалана аласыз. Мен мына сервисті пайдаланамын - http://www.writephponline.com. Интернетте бұндай сервистер көп.

Php коды <?php мен ?> арасында жазылады. Мысалы былай:

<?php

echo 'Сәлем!';

?>

Осының нәтижесінде экранда Сәлем! жазуы пайда болады:

php тілі

Бұл кодты хостингкке жүктесеңіз, бұндай жазу ақ экранда пайда болады.

Php-дн әрбір жолдың соңына ; қойылады.

Php операторлары

echo операторы мәліметті экранға шығарады. Мысалы echo '<h1>Сайт!</h1>'; сайтқа h1 тэгің шығарады. Php арифметикалық операторлар бар, бұлар +,-,*,/. Және шартты операторлар бар.

Бұлармен кейін танысамыз.

Php документтерің құру

Php файлдарының кеңейтілуі .php, html файлдарында .html болса, бұнда .php. Хостингке сайтты жүктесеңіз, index.php файлы сайттын басты бетіне тиесілі. Php документтерің жасау үшін, Notepad++ сияқты блокноттарды пайдалу жөн.

Себебі бұндай блокноттарда, синтаксисті көрсететің әдістер бар.

Php айнымалылар

Бағдарламау тілің айнымалыларсыз елестету қиын. Осы тілде де бұлар бар.

Айнымалылар php-де $ символымен басталады. Мысалы былай $width = 1000;. Осы мысалда $width айнымалысың аңықтадық және оған 1000 деген мән бердік. Бұны тексерейік:

php айнымалылар

Айнымалылар құрғанда, сөздерді пайдалану керек. Себебі $wd немесе $mo деген айнымалылар ешкімге түсініксіз, ал егер $width немесе $money не қазақша $eni деп жазсаңыз, кейін шатаспайсыз.

Пән: Бағдарламау