× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Негіз деген не? Негіздердің жіктелуі

Негіз деген не? Негіздердің мысалына мына күрделі заттарды жатқызуға болады - NaOH, LiOh, Ca(OH)2. Бұл заттардың қандай ортақ қасиеттері бар? Біріншіден құрамында металлдар бар, және екіншіден металлдармен қосылыс түзген  бір не бірнеше OH тобы бар. OH тобын гидроксотоп деп атайды.

Сонымен негіздерге мынандай аңықтама бере аламыз:

Негіздер дегеніміз металл атомы және бір не бірнеше гидроксотоп тобы бар заттар.

Негіздерді атау

Негіздерді, негіздің құрамына еңетің металдың атына гидроксид сөзін қосып атайды. Мысалы NaOH бұл натрий гидроксиді. Бұл қағида бір валентті металлдарға орынды.

OH гидроксотоп бір валентті, ал металл бірнеше валентті болуы мүмкін. Негіздің құрамына еңетің гидроксотоптардың саны, металлдың валенттілігіне тең. Сондықтан бірден өзгеше валенттілікке ие металлдары бар негіздерді, металлдың атын, одан кейін жақшада металл валенттілігін және гидроксид сөзін қосып атайды.

Мысалы Fe(OH)2 темір (II) гидроксиді, өйткені бұнда темір екі валентті немесе Al(OH)3 алюминий (III) гидроксиді.

Негіздерді атаудың тағы бір тәсілі, жақшаны пайдаланбай, гидроксид сөзінің алдына грек еселеуіштерің (ди - екі, три - үш,) қою. Мысалы Fe(OH)2 темір дигидроксиді немесе Al(OH)3 алюминий тригидроксиді. Ал металл бір валентті болса, онда еселеуіш қойылмайды.

Негіздердің жіктелуі

Негіздер суда еритің және суда ерімейтің деп екіге бөлінеді. Мысалы мына негіздер суда жақсы ериді - LiOH, NaOH, KOH, RbOH, CsOH. Суда еритің негіздер күйдіргіштік қасиетіне ие. Суда еритің негіздерді сілтілер деп те атайды.

Ал мына негіздер суда ерімейді - Cu(OH)2, Fe(OH)3.

Соңғы негіздердің атаулары қандай? Екі түрлі атауларын келтіріндер?

Пән: Химия