×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Галогендер

Купить косметику в Алматы

Д. И. Менделеевтің периодтық кестесінің 7 тобының негізгі топшасында - фтор, хлор, бром, йод және астат орналасқан. Осы элементтердің жалпы атауы - галогендер. Бұлардың барлығы бейметалдар. Яғни бұлар тоқты нашар өткізетің және металдық жылтыры жоқ химиялық элементтер.

Табиғатта галогендер жай зат ретінде, екі атомнан тұратын молекулалар түрінде кездеседі - F2, Cl2, Br2, I2.

Галогендердің агрегаттық күйлері

Фтор мен хлор газдық галогендер, бром сұйық галоген ал йод қатты кристаллдық зат.

Галогендердің қосылыстары

Ас тұзы, натрий мен хлордан құралған. Бұның формуласы NaCl. Бұл галогендердің ең танымал қосылысы:

Ас тұзы

Йодтың судағы ерітіндісі медицинада, жараланған жерді заралсыздандыру үшін қолданылады.

Фтордың қосылыстары тіс эмалінің құрамына еңеді. Сондықтан тіс тазалағыш заттарға фтор қосылады. Сонымен қатар фтор - люминисценциялық қасиетке ие химиялық элемент. Фтордың тағы бір қолдану аясы, бұл ауыл шаруашылығында қолданылатың минералды тыңайтқыштарды жасау.

Галогендер арасында хлор өнеркәсіпте және күнделікті тұрмыста кең қолданылатын химиялық элемент. Хлор мата (синтетикалық емес) мен қағазды ағарту үшін қолданылады. Сонымен қатар хлордың көмегімен суды заралсыздандырады. Краннан суды ағызғанда көпіршіктермен бірге ақ түсті зат көрінеді, бұл хлор. Хлоры бар су ашық ыдыста тұрса ауаға тарап кетеді. Сондықтан суды тіке краннан емес, стақанға құйып біраз қойып, ақ зат кеткеннен кейін ішу керек.

Және бұл химиялық элементті әртүрлі пластмассаларды жасау үшін де пайдалынады.

Пән: Химия