×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Пайыз деген не? Пайыз есептеу. Санның пайызын тез табу

Создание сайта в Алматы

Пайыз дегеніміз үлестен 100 есе көп сан. Дөңгелектің жартысы бұл 50 пайыз (1/2*100 = 50), ширек бөлігі 25 (1/4*100) пайыз ал барлығы 100 (1/1*100) пайыз:

Пайыз деген не?

Мысалы қоймада 100 кг ет бар еді, 50 кг тәңертең дүкенге жіберілсе, бұл неше пайыз еді?

50/100 = 0,5

Яғни еттің жартысы дүкенге жіберілді, ал бұны енді 100 көбейтеміз де пайыз мөлшерін аламыз:

0,5*100 = 50

Яғни еттің 50 пайызы тәңертең жіберілді.

Пайызды % символымен белгілейді, мысалы 50% дегеніміз бұл 50 пайыз.

Ал енді жіберілген еттің мөлшері 50 кг емес 20 кг болса, бұл неше пайыз?

20/100 = 0,2

0,2*100 = 20%

Яғни еттің 20 пайызы тәңертең жіберілді.

Асқар банктен 200 000 тенгеңі бір айға кредитке алып, келесі айда банкке 204 000 тенгеңі қайтарды. Банктегі кредиттің пайыздық мөлшерлемесі қандай?

Біріншіден банк пайда тапқан сомманың, берілген ақшаға қатысты үлесін табайық.

204 000 - 200 000 = 4000

4000/200 000 = 0,02

Осыны енді жүзге көбейтейік те процент мөлшерін аламыз:

0,02*100 = 2%

Яғни банктегі кредиттің пайыздық мөлшерлемесі 2 пайыз.

Енді пайызды түсінсеңіз 100 бірақ көбейтіңіз, есептер шығарғанда 100 бірден көбейту керек. Мысалы ет есебінде былай пайыз табылады:

50/100*100 = 50%

Пән: Математика

Комменттер

Саламатсызба 200000ның процентін таппай жатырмын

KAZAK FREEFIRE

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Сәлеметсізбе!

Неше процентің? 200000 санының 1 пайызы 2000 тең. Бұны пайыз мөлшеріне көбейту керек, мысалы 10 процентті былай табылады: 10*2000 = 20000.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

330000 санының 20 пайызы былай табылады:

330000*20/100 = 66000

Жауабы: 20% = 66000.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою