× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Газдардың салыстырмалы тығыздығы

Газдардың салыстырмалы тығыздығы дегеніміз бір газдың тығыздығының екінші газдың тығыздығының қатынасына тең сан. Бұл сан екі газдың молярлық массаларының қатынасына тең:

D = M1/M2

Мысалы оттек газының сутек газымен салыстырғандағы тығыздығын есептейік:

Dсутек(оттек) = M(O2)/M(H2) = 16*2/2 = 16

Сонымен оттек газының сутек газы бойынша алынған салыстырмалы тығыздығы 16 тең болады. Бұл оттек газының тығыздығы сутек газының тығыздығынан 16 есе рет көп болады дегенді білдіреді.

Dсутек(хлор) нешеге тең? Ал Dоттек(сутек) неге тең?

Газдардың тығыздығын табу

Физикада заттын тығыздығы массаның көлемге тең қатынасы болатының білеміз. Ал газдардың тығыздықтарын мына формула арқылы есептей аламыз:

ρ = M/Vm

мұндағы Vm = 22,4 газдың молярлық көлемі ал M газдың молярлық массасы.

Авогадро заңына сәйкес, әрбір газдың бір молі қалыпты жағдайда (00 С температура мен 101,325 кПа қысым) 22,4 литр көлем алады.

Мысалы сутегі газының тығыздығын есептейік.

ρ = M/Vm

M(H2) = 2*1

M(H2) = 2

ρ = M/Vm = 2/22,4

ρ = 0,089 г/л

Жауабы сутек газының тығыздығы 0,089 г/л.

Жаттығу ретінде оттегінің және хлордың тығыздықтарын аңықтандар.

Пән: Химия