× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Озон - оттектің аллотропиясы, озон кабаты. Аллотропия

Оттегі екі оттек атомнан құрылған газ:

O2

Бірақ сонымен қатар, оттектің үш атомынан құрылған газы да бар:

O3

Бұл газ озон деп аталады. Озон оттегі газынан 1,5 есе ауыр, күшті тоттықтырғыш, тіпті алтынмен де әрекеттесетің зат. Бояғыш заттарды түссіздендіретің және залалсыздандыру қасиетіне ие газ.

Аллотропия деген не?

Аллотропия дегеніміз бір химиялық элементтің бірнеше жай зат ретінде болуы. Мысалы оттек элементі екі жай зат ретінде кездеседі - оттегі газы және озон газы ретінде.

Осы жай заттарды химиялық элементтің аллотропиялық түрөзгерістері деп атайды.

Аллотропиялық түрөзгерістерінің тағы бір мысалы графит (қарындаштың ұшын жасау үшін пайдалынады) пен алмас. Алмас та, графит те көміртегі деген химиялық элементтен құралған. Бірақ графит сынғыш әрі жұмсақ зат, ал алмас берік әрі қатты зат. Осы екі заттын молекулалық құрылымы өзгеше болғандықтан, физикалық қасиеттері де өзгеше болады.

Озон қабаты

Жер бетінен шамамен 25 километр биіктікте озон қабаты орналасқан. Осы қабаттың қалындығы небәрі 2-3 мм болса да, бұл қабат Күн мен өзге жұлдыздардан келген ультракүлгін сәулелерден қорғайды. Бұл сәулелер жердегі тіршілікке қауіпті.

Соңғы жылдары озон қабатының бүлінуі болған. Бұл зиянды заттардың көп мөлшерде атмосфераға тасталынуынан.

Табиғатты қорғасақ, қоқыстарды өндеп зиянды заттарды залалсыздандырсақ, бұлай болмас еді!

Озонды алу

Озон оттегі газы арқылы электр тоғын өткізгенде пайда болады. Бұндай құрылғыны озонатор деп атайды:

Озонатор озонды түзетің құрал

Пән: Химия