× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Оттек және оның физикалық қасиеттері. Оттегі маңызды элемент

Оттек латынша oxygenium (оқылуы оксигениум) деп аталады, қазақшаға қышқыл тудырушы деп аударылады. Осы химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасы 15,99 немесе жуықтап алғанда 16 тең. Оттегі химияда өте маңызды зат боп табылады.

Бұл химиялық элемент газ күйінде атмосферада кең тараған. Газ болғандықтан молекуласының формуласы O2.

Оттектің Жер планетасындағы таралуы

Атмосфера көлемінің 21% және жер қыртысының 49,13% массасы осы элементке тиесілі. Оттек Жер планетасында ең көп тараған химиялық элемент.

Оттек химиялық жағынан өте белсенді элемент. Бұл элементтің 2 мыңға жуық қосылыстары ғылымға белгілі.

Жану процессі

Оттек жану процесіне қатысады, мысалы көмірдің жануы мына химиялық реакция арқылы өтеді:

C + O2 = CO2 + жылу

Соңдықтан оттегінің маңызы зор болады, себебі жану бұл өте маңызды химиялық процесс.

Оттегінің физикалық қасиеттері

Оттегі иісі де, түсі де және дәмі де жоқ газ. Оттегінің тығыздығы 1,43 грамм/литр, ауадан сәл ауырлау газ (1,29 грамм/литр).

Оттегінің қату температурасы -218 С0 ал сұйылу (сұйыққа айналу температурасы) температурасы -183 С0.

Оттегіні алу

Оттегіні алудын сан түрлі жолдары бар. Мысалы суды ыдырату жолымен:

2H2O = 2H2 + O2

Суды ыдыратып оттегін алу

Суға электр тоғын өткіземіз де, теріс заряды қосылған контактта (катод) сутегі ал оң заряды қосылған контактта (анод) оттегі бөлінеді.

Оттегіні алудын тағы бір жолы бұл калий перманганатын қыздыру:

2KMnO4 → K2MnO4 + MnO2 + O2

Оттегінің ашылуы

Оттегіні 1774 жылы ағылшын ғалымы Дж. Пристли және одан тәуелсіз жолмен швед ғалымы К. Шееле 1772 жылы ашты.

Пән: Химия