× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Металдық байланыс, электрондық газ

Металдағы атомдардың орналасу схемасы:

Металдық байланыс

Осы суретті түсіндірейік.

Металдардың сыртқы валенттік электрондары ядромен қатты байланыспаған, осының салдарынан бұл электрондар атомнан жеңіл үзіле алады. Көптеген атомдардан осылай босаған көп электрондар, металл заттың ішінде еркін қозғала алады. Және осы бос жүрген электрондар оң зарядталған иондарға, электроннан айрылған атом ядроларына, тартылады. Осылай берік байланыс, металдық байланыс пайда болады.

Металдық байланысы бар заттағы бос электрондарды электрондық газ деп атайды.

Металдық байланысы бар заттарға барлық металдарды, және металдардан жасалған қоспаларды жатқызуға болады. Мысалы мыс, темір, алюминий, титан, қалайы, қорғасын. Және қалайы мен мыстын қоспасы - қола.

Металдардың қасиеттері

Металдардың барлығы дерлік тоқты жақсы өткізеді. Бұның себебі неде? Бұның себебі осы электрондық газда. Электрондық газ зат арқылы электр өрісін өткізе алады.

Металдардың берік болуы да осы металдық байланыстың арқасында.

Пән: Химия