×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Полюссіз және полюсті коваленттік байланыс

Купить косметику в Алматы

Атомдар оң зарядталған ядродан және ядроны айналып жатқан теріс зарядталған электрондардан құралған. Мысалы сутегі атомының құрылысы мынандай:

Сутегі атомы

Центрде оң зарядталған ядро, ал оны қоршап тұрған, суреттегі бұлт - электрон бұлты. Кванттық механиканың принциптеріне сай, электронның орналасқан жерін дәл аңықтауға болмайды, бірақ бұның шамамен орналасқан аумағын аңықтауға болады. Бұл аумақты бұлт ретінде белгілейді.

Сутегінің екі атомының электрондар бұллтары өзара әрекеттесіп, бір бұлтты құрайды:

Коваленттік байланыс - полюссіз және полюсті

Екі ядроның арасында электрондардың шоғыры ұлғаяды да, он зарядталған ядролар бір-біріне күштірек тартыла бастайды. Сөйтіп тұрақты құрылым, сутегі молекуласы (H2) пайда болады.

Атомдардың сыртқы валенттілік электрондары осылай оттегінің, хлордың молекулаларын құрайды. Көптеген газдар екі атомнан тұратын молекула түрінде табиғатта жиі кездеседі.

Коваленттік байланыс

Сутегі молекуласы екі бірдей атомнан құралған. Екі атомның, ортақ электрон жұбы пайда болатын байланыс коваленттік байланыс деп аталады.

Сутегі, оттегі сияқты екі бірдей атомнан тұратын, газ молекулалары, коваленттік байланыстың арқасында түзіледі.

Коваленттік байланысты былай белгілейді:

Коваленттік байланыс

Сутегі атомында бір сыртқы валенттік электрон бар, бұны нүктемен белгілейді. Ал түзілген сутегі молекуласында бір ортақ электрон жұбы бар болады, бұны екі нүктемен белгілейді.

Коваленттік полюссіз байланыс

Электртерістігі бірдей екі атом ковалентті байланыс орнатса, онда бұндай байланыс коваленттік полюссіз байланыс деп аталады. Ковалентті полюссіз байланыс орнаған молекулада, екі атом ядросының ортақ электрон бұлтшаға дейінгі арақашықтық бірдей болады.

Мысалы жоғарыдағы сутегі молекуласындағы, екі сутегі ядроларының ортақ электрон бұлтшасы, екі ядродан да бірдей арақашықтықта орналасқан:

Ковалентті полюссіз байланыс

Коваленттік полюсті байланыс

Электртерістігі әртүрлі екі атомның сыртқы валенттік электрондары ортақ жұпты құрса, ортақ электрон жұбы, бұнда, электртерістігі басым атомның ядросына тартылады. Бұндай байланыс коваленттік полюсті байланыс деп аталады.

Хлор мен сутегі атомдарының сыртқы валенттік электрондары бірігіп, хлорсутекті құрайды:

H2 + Cl2 = 2HCl

Сутегіде бір сыртқы валенттік электроны бар, ал хлорда жеті сыртқы валенттік электроны бар:

Коваленттік полюсті байланыс

Хлордың электртерістігі сутегінің электротерістігінен басым, соңдықтан ортақ электрон жұбы хлордың ядросына жақынырақ, ал сутегінің ядросынан алысырақ орналасады.

Осы молекуланың сутегі атомы орналасқан жағы оң зарядталады, себебі ортақ электрон жұбы хлорға жақынырақ орналасқан, ал хлор атомы орналасқан жағы теріс зарядталады.

Жалпы бұл барлық коваленттік полюсті байланысы бар молекулаларға орынды. Барлық коваленттік полюсті байланысы бар молекулалардың бір жағы оң, ал бір жағы теріс зарядталады.

Полюссіз және полюсті коваленттік байланыс дегені осы.

Пән: Химия

Комменттер

Магн полюссіз қандай элементтер полюстіге кандай элементтер жататынын айта аласыз ба

Hanzo. Kz

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Полюссіз элементтер

Hanzo. Kz

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Коваленттік полюссіз байланыс бұл электртерістігі бірдей заттар арасында құралады. Мысалы екі бірдей атомнан құралған газдар арасында - Cl2, N2, O2. Жалпы бұндай байланыс көбінесе жай, метал емес заттарда кездеседі.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

CuCl2  PCl5  Cl2. AlCl3. HOCl.  KCIO.  KCl кандац химиляк бацланыс турлеринее жатады

Аибар Гинаятов

Жауап беру | Өзгерту | Жою

CuCl2 - ковалентті полюсті байланыс, PCl2 - ковалентті полюсті байланыс, Cl2 - коваленттік полюссіз байланыс, AlCl3 - ковалентті полюсті байланыс, HOCl - ковалентті полюсті байланыс, KCIO3 - ковалентті полюсті байланыс, KCl - ковалентті полюсті байланыс.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

1.Ag, Fe,Na

2.Kf, MgO, CsCl

3.Br2, N2, O2

??? Типтері кандай болады?

Назым Нурханкызы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

1 металдар, сондықтан металдық байланыс. 2 полюсті байланыс. 3 бұл коваленттік полюссіз байланыс.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

N2, CO, O2, Hcl, Na2s, Na, So2, Fe, Si, CaO қандай химиялық байланыс түрлеріне жатады?

Алтынай Бакыт

Жауап беру | Өзгерту | Жою

N2 - ковалентті полюссіз байланыс, CO ковалентті полюсті, O2 - ковалентті полюссіз, HCl - ковалентті полюсті, Na2S - ковалентті полюсті, Na - металдық, SO2 - ковалентті полюсті, Fe - металдық, Si ковалентті полюссіз, CaO - ковалентті полюсті

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

NH3, MgF қандай химиялық байланыс түрлеріне жатады? 

Aru

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Екеуі де полюсті коваленттік байланысқа жатады.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

МӘТІНІ

Берілген қосылыстардың арасындағы химиялық байланыс түрлерін анықтаңыз: CI2 , CO2, O2, HCl, Na2S, NO2 ,Br2 , FeCI2, NH3, СаО, KBr,

Иондық байланыс: _______________________

Ковалентті полюсті байланыс:___________________

Ковалентті полюссіз байланыс:_______________________

Байтұрған Ұлжан

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Иондық байланыс: FeCI2, СаО, Na2S

Ковалентті полюсті байланыс, бұл үшін электртерістігі сабағын қараңыз: HCl, CO2, NO2, NH3, KBr

Ковалентті полюссіз байланыс: O2, CI2, Br2

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою