× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Химиялық реакция

Химиялық реакция дегеніміз бір не бірнеше заттан жаңа заттың түзілуі.

Мысалы көмірдің пеште жануы барысында көмірқышқыл газы пайда болады және жылу бөлінеді:

C + O2 = CO2 + жылу

Бастапқыда екі зат бар еді - көмір мен оттегі, кейін жаңа зат пайда болды, бұл зат көмірқышқыл газы немесе түтін. Бұл химиялық реакция. Көмірде көміртек пен қоса басқа жаңғыш заттар бар.

Химиялық реакциялардың типтері

Табиғатта сан алуан түрлі заттар және олардың арасында болатын көптеген реакциялар бар болғанымен, барлық химиялық реакциялардың типтері төртеу ғана. Бұлар қосылу, айырылысу, орынбасу және алмасу реакциялары.

Осыларды жекелеп қарастырайық.

Қосылу реакциясы

Қосылу реакциясы ең қарапайым реакция, бұнда екі не одан көп зат химиялық реакцияға түсіп нәтижесінде атомдары өзара қосылады.

Мысалы судын түзілу реакциясы қосылу реакциясына жатады:

2H2 + O2 = 2H2O

Алғашында екі зат бар еді - сутегі мен оттегі, ал кейін су пайда болды.

Айырылу реакциясы

Бір заттың басқа заттарға бөлінуі айырылысу реакциясы деп аталады. Мысалы суға электр тоғын қоссақ, су молекуласында бар оттегі мен сутегі бір-бірінен айырылады:

2H2O = 2H2 + O2

Суды айыру үшін мынандай құрылғы пайдалынады:

Суды айыру

Суы бар ыдысқа (1) металдан жасалған екі сымды (2 мен 3) жалғайды, содан кейін бұған тоқты жібереді де оттегі мен сутегі газ күйінде бөлінеді, бұл газдар түтікше (4) арқылы шыға бастайды.

Орынбасу реакциясы

Мына химиялық реакцияны қарастырайық:

Fe + CuCl2 = Cu + FeCl2

Темірді мыс хлоридінің ерітіндісіне батырсақ, темір хлориді мен мыс бөлінеді. Бұл реакцияда темір мыстын "орының" басады, мысты ығыстырады да хлормен өзі қосылады.

Заттың құрамындағы атомды, өзге заттың атомы орының алса бұндай реакциялар орынбасу реакциялары деп аталады.

Алмасу реакциясы

Мына химиялық реакцияны қарастырайық:

CuO + H2SO4 = CuSO4 + H2O

Бұнда бірнеше атомдар орынымен алмасады. Бұны алмасу реакциясы дейді.

Екі күрделі заттың бірнеше атомдары не атомдар тобы орынымен алмасса бұндай химиялық реакцияларды алмасу реакциялары деп атайды.

Пән: Химия