× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Зат құрамының тұрақтылық заңы

Химиялық қосылыстар түзелгенде, атомдар санының арақатынасы тұрақты болады. Мысалы су молекуласының түзулуі үшін - бір оттегі және екі сутегі атомы қажет. Атомдардың бұл арақатынасы сақталады.

Су молекуласы

Сутегі мен оттегіден суды алу үшін, сутегіні оттегінде жандырады. Бұның химиялық реакциясы мынандай:

2H2 + O2 = 2H2O

Бір оттегі атомына екі сутегі атомы сәйкес келеді, егер сутегі не оттегі атомдары бұл арақатынастан көп болса, артығы реакцияға түспейді, бастапқы күйінде қалады.

Зат құрамының тұрақтылық заңы дегеніміз осы:

Күрделі заттың құрамы, алыну тәсіліне байланыссыз тұрақты болады.

Бұл заңды көрнекті француз ғалымы Ж. Пруст ашты.

Бірақ кейбір заттар бұл заңға бағынбайды.

Пән: Химия