× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Салқам Жәңгір хан және Орбұлақ шайқасы

Салқам Жәңгір хан 1643-1652 жылдары Қазақ хандығының ханы еді. Бұл атақты Есім ханның ұлы әрі оның ісін жалғастырушы еді. Жоңғарлармен күрескен қазақтың атақты ханы.

Салқам Жәңгір - атақты Орбұлақ шайқасында басшылық еткен хан.

Салқам Жәңгір ханның тұсындағы тарихи ахуал

1635 жылы Батыр қонтайшысы қуатты мемлекетті - Жоңғар хандығын құрды. Бұл мемлекетке көп ойраттар қосылды. Мемлекеттің негізін құрған жылы қазақтарға шабуылдады. Осы жылы Салқам Жәңгір хан бастаған қазақтармен шайқасып, Салқам Жәңгір ханды тұтқындады. Бірақ батыр ханымыз тұтқыннан қашып кетті.

Салқам Жәңгір хан Жоңғар мемлекетіне қарсы бауырлас мұсылман халықтарымен одақтасуға ниетті болды. Әсіресе өзбектер мен қырғыздармен одақтас болды.

Орбұлақ шайқасы

Келесі шабуылды жоңғарлар 1643-1644 жылдары жүргізген еді. 1643 жылдың жазында жоңғар әскерінің келе жатқаның білгеннен кейін, Жәнгір хан аз қолмен, бар жоғы 600 адамнан тұратын жасақпен Орбұлақ өзенінде бекінеді де, келе жатқан жоңғарларға шабуылдайды.

Және Салқам Жәңгір ханға Самарқан билеушісі, ұлты қазақ атақты Жалаңтөс баһадүр 20 мың әскермен көмекке келеді де жоңғарлар толығымен жеңіледі. Жоңғарлардың әскер саны 50 мың еді, 10 мыңы ұрыс аланында қаза болады.

Бұл шайқастың зардабы жоңғарларға ауыр тиді. Он жылға жуық уақыт ішінде жоңғарлар қазақ жеріне шабуылдамады. Жоңғар елінде ішкі талас тартыс өрши түсті.

Бірақ Батыр қонтайшы бекер отырмады. Сібірдегі орыс көпестерінен оқ қару алып әскерін қайта жасақтады. Көп дайындалып, 1652 жылы қазақтарға соғыс ашты. Осы жылы елін-жерін жаудан қорғап жүріп бір шайқаста Салқам Жәңгір хан қайтыс болады.

Пән: Тарих