×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Жай заттар және күрделі заттар

Купить косметику в Алматы

Табиғатта неше миллион түрлі заттар бар - темір, мыс, пластмассалар, су, ауа, қағаз, маталар, шыңы, сүт, май, тас және тағы да сол сияқтылары.

Әрбір заттың құрамында атомдар бар болады. Атомдар бұл заттың ең кішкентай әрі бөлінбейтін бөлшегі, атомдар көзге көрінбейді, бұлардың өлшемдері шағын. Атомдар химиялық жолмен бөлінбейді. Бірнеше атомдар бірігіп молекуланы құрайды. Молекула заттың қасиеттерін сақтайтын ең кішкентай бөлшегі.

Мысалы темір деген зат темірдің ұсақ атомдарынан құралған. Бұл затта атомның тек қана бір түрі бар - бұл темірдің атомдары.

Жай зат дегеніміз бұл тек қана бір түрлі атомдардан құрылған заттар. Мысалы мыс, темір, алюминий сияқты металдар жай заттарға жатады.

Ал құрамында бірнеше түрлі атомдар бар болатын заттарды күрделі заттар дейді. Мысалы су молекуласы екі атомнан құралған - сутегі мен оттегіден:

Су молекуласы

Оттегі атомы қызы түсті ал сутегі атомдары ақ түсті. Сутегі атомдарын H әрпімен ал оттегі атомдарын O әрпімен белгілейді. Судын молекуласында екі сутегі атомы және бір оттегі атом бар болғандықтан, осы заттың химиялық формуласы мынандай болады:

H2O

Пән: Химия

Комменттер

Алтың мен ас тұзы қандай заттарға жатады?

KANAT ZHUSUPOV

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Алтың жай затқа жатады, себебі бір ғана алтыңның атомдарынан құралған. Ал ас тұзы күрделі зат болады, себебі ас тұзы натрий мен хлордың атомдарынан құралған.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

екеуіні ұқсастығы мен айырмашылығы неде

good cat

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Жай заттар тек бір ғана химиялық элементтің атомынан тұрады, ал күрделі заттар бірнеше түрлі атомдардан құралған. Күрделі заттар жай заттарға ыдырауы мүмкін. Мысалы су 2000 Цельсий градуста сутегі мен оттегіне бөлінеді.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Заттар неден тұрады

 

Daulet Aitbaev

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Заттар молекулалар мен атомдардан құралған.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Жай заттардаг курделі заттарды алу недеп аталады?

Sabina Karataukyzy

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Химиялық синтез деп аталады. Мысалы көміртегі оттегіде жанса, пайда болған зат, көмірқышқыл газы күрделі зат, себебі оның құрамында оттегі және көміртегі бар.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Жұқалтырған фальга мен шыны күрделі заттарға немесе қарапайымның қайсысына жатады?

Adina Zeinyllaeva

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Фольга жай затқа жатады, бұл алюминий металынан жасалады. Фольганың жылтыр беті жылуды сақтау үшін пайдалынады. Шыңы болса бұл күрделі зат болады.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Карапайым зат дегеніміз не ?Оған не жатады?

ARUNA ABATSHA

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Жай заттардың аңықтамасы жоғарыда жазылған:

Жай зат дегеніміз бұл тек қана бір түрлі атомдардан құрылған заттар. Мысалы мыс, темір, алюминий сияқты металдар жай заттарға жатады.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Қарапайым зат жəне күрделі зат ұйымдарының ортық белгілері мен айырмашылығы қандай?

Edits_r8 Edits_r8

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Біріншіден жай заттардың жалпы саны шектеулі, бар жоғы 400-дей. Күрделі заттар болса күн сайын синтезделеді, жасалады. Мысалы жыл сайын - пластмассалардың мындаған жаңа түрлері, маталардың мындаған жаңа түрлері жасалады. Ал жай затты түзу қиын. Себебі жай зат бір ғана атом түрінен құралады, ал күрделі заттар сан түрлі атомдардан құралады, сондықтан көп күрделі заттар құра аламыз. Күрделі заттардың ұзын саны бірнеше милоннан асты.

Екіншіден күрделі заттың қасиеті бұның құрамына енетің атомдарынан тәуелсіз бола алады. Мысалы су оттегі және сутегі деген екі жай заттан, екі газдан түзеледі. Су болса сұйық зат. Ал жай заттардың қасиеті көбінесе бұны түзген атомға байланысты болады. Мысалы мыс металының физикалық және химиялық қасиеті бұны құрған мыс атомдарындай.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Алтын,ас тузы,судын угымынвн ортак жане аиырмашылыгы осыны аитынызшы

Ersultan Farhatuly

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Алтын бұл металл. Сәнді әшекейлер жасауда қолданылады. Және бұл жай зат. Қатты күйінде болады. Тоқ пен жылуды жақсы өткізеді, металдық жылтырға ие. Ас тұзы бұл ұнтақ, суда еритің зат. Бұл күрделі зат. Алтын суда ерімейді. Су болса бұл сұйық зат. Және күрделі заттарға жатады.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Су ол күрделі зат ,ал оның құрамында қандай элементтер кіреді?

sonne l

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Жоғарыда су молекуласының суреті көрсетілген. Судын құрамына сутегі мен оттегі элементтері кіреді. Екі сутегі элементі бір оттегі элементімен қосылып суды құрайды. Формуласы - H2O, оқылуы аш екі о (латынша).

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Темір сульфиді күкірт ұнтағы йод ерітіндісі ауа сутек атомы бұлар жай затпа күрделіме?

Nurgul Baltabai

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Темір сульфиді бұл екі заттан құрылған - темірден және күкірттен, сондықтан күрделі затқа жатады. Күкірт ұнтағы жай затқа жатады, себебі күкірт деген атом бар. Йод ерітіндісі де күрделі затқа жатады, себебі бұнда су мен йод бар. Ауа да күрделі затқа жатады, себебі ауада сан түрлі газдар бар, мысалы азот, оттегі, көмірқышқыл газы. Сутек атомы бұл жай затқа жатады, сутегі деген атом бар емес пе.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Жай зат пен күрделі заттың ортақ белгісі қандай?

ASEma Kasymova

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Екеуі де атомдар мен молекулалардан құралады. Жай заттарда атомның бір түрі ғана бар болса, күрделілерде бірнеше түрлі атомдар бар болады

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

В чем сходства простых и сложных вещей

РоуКиу Пиу

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Жауабын жоғарыда жазғанмын:

Біріншіден жай заттардың жалпы саны шектеулі, бар жоғы 400-дей. Күрделі заттар болса күн сайын синтезделеді, жасалады. Мысалы жыл сайын - пластмассалардың мындаған жаңа түрлері, маталардың мындаған жаңа түрлері жасалады. Ал жай затты түзу қиын. Себебі жай зат бір ғана атом түрінен құралады, ал күрделі заттар сан түрлі атомдардан құралады, сондықтан көп күрделі заттар құра аламыз. Күрделі заттардың ұзын саны бірнеше милоннан асты.

Екіншіден күрделі заттың қасиеті бұның құрамына енетің атомдарынан тәуелсіз бола алады. Мысалы су оттегі және сутегі деген екі жай заттан, екі газдан түзеледі. Су болса сұйық зат. Ал жай заттардың қасиеті көбінесе бұны түзген атомға байланысты болады. Мысалы мыс металының физикалық және химиялық қасиеті бұны құрған мыс атомдарындай.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Жай зат пен күрделі айырмашылығы қандай соны түсіндіріп жібересізбе сосын резеңке ойыншықтар жай затқа жатама әлде күрделі затқа жатама?

НАЗЫМ MIX

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Жай заттар бұл бірдей атомдардан ғана құрылғандары. Мысалы алтын жай затқа жатады. Жай заттар ыдырамайды. Алтынды қанша қыздырсақ та, жандырсақ та ол ыдырамайды. Ал резенкеніз күрделі затқа жатады, себебі бұл зат жанғанда күл, түтін бөлінеді. Яғни резенке бірнеше затқа ыдырайды.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Жай зат пен күрделі заттың ортақ белгісі

 

Акбота Алдабергенова

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Бұлардың екеуі де атомдардан құралған. Күрделі заттар бірнеше атом түрінен, ал жай заттар бір ғана атом түрінен құралады. Жоғарыдағы комменттерге берген жауаптарымды оқыныз

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Күкірт,ағаш,Мұнай күрделі зат па әлде жай зат па түсіндіресіз бе

 

Амиргали Айғаным

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Күкірт бұл жай зат, бір ғана атом түрінен құралған. Ағаш пен мұнай бұл күрделі заттар. Осы заттар жанғанда түтін, күл қалады. Яғни бұлар жанғанда бірнеше заттар бөлінеді.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Жай заттар мен күрделі заттардың жануының ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

Emily Kalver

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Жай заттар жанғанда бір қосылыс түзіледі. Мысалы сутегі бұл жай зат, бұны оттегінде жақсақ су пайда болады. Бір ғана зат пайда болады. Ал мұнайды не пластмассаны оттегінде жақсақ бірнеше зат түзіледі, мысалы күл мен түтін. Себебі мұнай бұл күрделі зат. Бұл айырмашылығы.

Ұқсастығы болса, зат жаңғанда әдетте энергия бөлінеді.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Йод кандвй затқа жатады айта аласызба карапайым ба алде курделі ме

Ерасыл Досболай

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Йод бұл жай затқа жатады. Оған қоса бұл заттың спирттегі ерітіндісі де бар (бұл күрделі затқа жатады), бұны медицинада кең қолданылады. Жараны осы йодтың ерітіндісімен залалсыздардырады (дезинфекциялайды).

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Қарапайым және күрделі заттардың списк жасап бере аласыз ба?

Бекболат Сайлау

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Жай заттар - мыс, қорғасын, темір, оттегі газы, сутегі газы, күкірт, йод, көміртегі және басқалары.

Күрделі заттар - су, пластмасса, резенке, ағаш, сүт, айран, бал, ет, спирт, бензин, керосин, пластик, қағаз, тері, жіп.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Күрделі заттқа нене жатады айтып жіберініжіберінізші.

предположение:Хлорсутек,сутек,му,йод,азот,ам-миак,хлор,метан?

Карина МАЛИКОВА 0921

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Жай зат бұл бір ғана атом түрінен құралған заттар. Мысалы мыс не темір. Ал күрделі заттар бұр бірнеше түрлі атомнан құрылады.

Хлорсутек хлордан және сутегінен тұрады, яғни екі атом түрінен құралған сондықтан бұл күрделі зат боп табылады, сутек жай затқа жатады (сутегі деген атом бар), йод жай затқа жатады (йод ерітіндісі бар, бұл күрделі зат), азот жай затқа жатады, аммиак күрделі затқа жатады, хлор жай затқа жатады, метан күрделі затқа жатады.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Сәлеметсіз бе!? Оттегі,сутегі,су, көмірқышқыл газы,азот,тұз қышқылдығы қандай затқа жатады?

Uldana

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Сәлеметсізбе!

Оттегі, сутегі, азот жай заттарға жатады. Су, көмірқышқыл газы, тұз қышқылы күрделі заттарға жатады.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Хлорсутек, сутек, су, хлор, аммиак, хлор, метан, йод сәлем осылардың қайсы қарапайым қайсы күрделі зат екенің ажыратып бере аласызба?

Нурайым Берикова

Жауап беру | Өзгерту | Жою