× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Қоспаларды бөлу - тұндыру, сүзу, қайта кристалдау, айдау

Заттарды қоспадан бөлу үшін бірнеше әдістер қолданылады - тұндыру әдісі, сүзу әдісі, қайта кристалдау әдісі және айдау әдісі.

Осы әдістермен жеке-жеке танысамыз.

Тұндыру әдісі

Құм мен ағаш үгінділерін қалай ажырата аламыз? Бұл үшін осы қоспаны суға құямыз. Ауыр құм су түбіне түседі, ал жеңіл ағаш үгінділері су бетінде қалқып қалады.

Су бетінен ағаш үгінділерін жинап аламыз да құмды су түбінен аламыз. Осы әдіс тұндыру әдісі деп аталады. Тұндыру әдісі заттардын тығыздықтары әртүрлі болатындығына негізделген. Ауыр заттар төмен қарай, ал жеңілдері жоғарыда қалатындығына негізделген.

Сүзу әдісі

Жаңа сауылған сүтте, кесек қалдықтар бар болуы мүмкін. Мысалы кесек шөп немесе сиырдын қылдары. Осы заттардан сүтті тазарту үшін, марлядан жасалған сүзгі арқылы сүтті өткізеді:

Сүзу әдісі

Нәтижесінде сүт тазарады, ал зиянды қалдықтар сүзгіде қалады. Бұл әдіс сүзу әдісі деп аталады.

Құмды пайдаланып суды осы сүзу әдісімен тазартады:

Сүзу әдісімен суды тазарту

Сүзу әдісі арқылы бөлінген ерітіндіні сүзінді дейді.

Қайта кристалдану

Ас тұзы бар ерітіндіден тұзды бөлу үшін, суды қыздырады. Су буланады да, тұз түбінде қалады:

Кристалдау әдісі

Арал теңізінің жағалауында бұндай тұз көп мөлшерде кездеседі:

Арал тұзы

Бұл тұз теңіз суының құрамында еді. Кейін су буланып, тұз қайта кристалданып жерде қалды.

Айдау әдісі

Суды қыздырып, буға айналдырып, басқа жерде су буын суытып қайтадан суға айналдыруға болады:

Суды айдау. Айдау әдісі

Бұны айдау әдісі деп атайды. Бұл әдістің тағы бір аты - дистилдеу әдісі.

Бір затты буға айналдырып, кейін бұл буды басқа жерде суытып қайта жинап алу - айдау әдісінің негізі.

Мұнай құрамында бензин, керосин, салярка секілді тез бұланатын заттар бар. Осы заттарды бұландырады да, басқа жерде қайта сұйықтыққа айналдырады. Айдау әдісі осы жанармайларды алу үшін пайдалынады.

Пән: Химия