× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Дүниежүзілік мұхит

Жер планетасының басым бөлігің су басады. Бұл төрт ірі - Тынық (Pacific), Атлант (Atlantic), Үнді (Indian) және Солтүстік мұзды (Arctic) мұхиттары. Картаға қараңыз:

Дүниежүзілік мұхит

Осы төрт мұхитты біріктіріп дүниежүзілік мұхит деп те атайды. Себебі осы мұхиттардың сулары бір-бірімен қосылған. Ешбір мұхит оқшауланып, сулары өзгелерімен байланыспай орналаспаған.

Мұхиттардың ең ірісі Тынық мұхиты. Одан кейінгісі Атлант мұхиты, одан кейінгісі Үнді ал ең кішісі Солтүстік мұзды мұхиты болады.

Мұхиттарда аралдар бар. Бұлардың саны өте көп.

Пән: География